Соғыстар, пандемиялар, климаттың өзгеруі, ресурстар тапшылығы, экономикалық қиындықтар, медиа нарықтағы бәсекелестіктің артуы, ақпараттық манипуляция мен жалған ақпараттардың күшеюі, БАҚ-та кәсіби этиканың жиі сақталмауы т.б. мәселелер әлемдік журналистиканың басты проблемаларына айналған.
«Түркітілдес журналистер қоры”ҚҚ мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association – WFPA) «Шеврон» компаниясының серіктестігінде 2023 жылдың 2-4 желтоқсанында ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумын өткізеді.
Аталған шараға Қазақстанның барлық облыс, аудандарымен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Британия, Нидерландтан түркітілдес БАҚ басшылары мен өкілдері қатысады.
Бүгін қатысушылар Алматыға жиналып, қонақүйге орналасты, “Шымбұлақ” пен “Медеуге” барды. Алматы қаласының әкімдігі жайған дастарқаннан дәм татты. Алған әсер керемет!
Ертең «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбына семинар-тренинг өтеді. Кешке қаржы тақырыбындағы «Еркін сөз» байқауы мен «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты бар.
4 желтоқсанда «TURKTIME: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МЕДИА БІРЛІГІ» тақырыбында ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы болады.