ТҮРКИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ «МЕДЕУ» МЕН «ШЫМБҰЛАҚҚА» БАРДЫ

Бүгін Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (WFPA) Түркияның Балыкесир және Стамбұл қалаларынан келген делегациясына арналған бағдарламасын бастады.

Балыкесир қаласы Кареси ауданы әкімі Динчер Оркан, Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир, Түркия Республикасы Ақпарат министрлігі Ресми хабарландыру басқармасы өкілі Месут Онат, Балыкесирдегі жергілікті БАҚ басшыларынан құралған делегация мүшелері жобаның алғашқы күні Алматы қаласындағы «Медеу» спорт кешені мен «Шымбұлақ» шаңғы базасына барды.

Аталған жоба Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясының (WFPA) Балыкесир журналистер одағымен ынтымақтастық жобасы. 2022 жылдың желтоқсанында Қазақ журналистер делегациясы Стамбұл-Балыкесир-Чанаккале жобасы шеңберінде Түркияның Балыкесир қаласында іссапарда барып қайтты. Биыл желтоқсан айында Түркітілдес журналистер қорының делегациясы Балыкесир Журналистер одағының шақыруымен, Түркияда іссапарда болады.

Related posts

ЕСКІШАҺАР

Назия Жоямергенқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

ttjk

HEALTH EXPO-2019

ttjk