БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕДІ

«БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕРДІ БАҚЫЛАУСЫЗ ЖАРНАМАЛАУ ДӘУІРІ ӨТКЕНГЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК»: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ АСХАТ ОРАЛОВ ОЙЫН БИЗНЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов вице-министрлердің, комитет төрағаларының және ҚР МСМ аппарат басшысының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.

Күн тәртібіндегі басты тақырып — лудоманиямен күрес.

«Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұнын бәрін тоқтатуымыз керек. Қажет болса, букмекерлер өздерінің жарнамаларын тек демеушілік ететін спорттық іс-шараларда және өз кеңсе ғимараттарына ғана орналастыра алатындай етіп заңнаманы күшейтетін боламыз. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек»,- деді Асхат Оралов.

Министр бүгінгі таңда елімізде букмекерлік кеңселердегі жағдай түзеліп келе жатқанын айтты. Соңғы 2,5  жылда олардың саны 38-ден 16-ға дейін азайды. Қазір 4 букмекерлік кеңсенің лицензиясының күшін жою бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жыл басынан 5 лицензия қайтарып алынды.

Related posts

2023 жылы қоныс аудару жобасына 200-ден астам отбасы қатысты

ttjk

АНКАРА/ANKARA фоторепортаж

Назия Жоямергенқызы

Қазақстанда 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Назия Жоямергенқызы