ЖЕРДЕГІ ЖӘННАТ — АНТАЛЬЯ

Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Түркия Туризмін таныту және дамыту агенттігі (TGA)  мен Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастыруымен Түркия Республикасында жүрміз.

Бауырлас елде көздің жауын алатын жауһар мекен көп қой. Соның бірі әлбетте, Анталья. Күн райы керемет. Жерорта теңізі бабында. Әлемнің әр қиырынан туристер ағылып жатыр. Пресс-турға бізден өзге Румыния, Сербия, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінен әріптестеріміз де келді.

Анталья — яхталар тізбектелген ескі теңіз айлағымен, шағыл құмдыы жағажайымен, әлемдік деңгейдегі қонақүйлерімен аты шыққан курортты қала. Түрк Ривьерасында орналасқан қалаға ел ішінен де, шекара сыртынан да туристер ағылып келеді. Антальяда біздің жыл санауымызға дейінгі және кейінгі көне ескерткіштер де көп. Мысалы, 130 жылы келген Рим императоры Адриананың қақпасы бар. Жауларынан қорғану үшін арқасын Жерорта теңізіне қаратып, күнгейін алып қақпаға тіреген. Қазір ғасырлар бойы соғыс пен табиғи апаттарға қарсы тұрған қақпаның тек қирандылары ғана қалған. ІІ ғасырда салынған Хыдырлык мұнарасы да қаланың көркіне айналған.  Мұнараға қарап, теңіздің жағалауына орналасқан Антальяның Рим империясы кезінде аса маңызды айлақ болғанын көрсетеді.

Мейіржан Әлібекұлы, Берік Нұрсалимов.

Related posts

В университете Аль-Фараби прошла III Международная Зимняя PR-школа

ttjk

Lake Garda Travel Guide and What to See and Do

ttjk

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел тірі табылды

Назия Жоямергенқызы