Сайлауға неше партия қатысады?

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 8-ақпанға дейін тіркелген партиялар қатысады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 21-қаңтарға дейін сайлауға түсу құқығына ие болған 7 партия бар. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясының өкілі Шавқат Өтемісов сайлауға кімдер қатыса алатынын айтты. Оның сөзінше, 8-ақпанға дейін тіркеліп үлгерген партиялар да құжаттары талапқа сай болса, саяси додаға араласады.

Ал партияларды тіркеу ісіне жауапты Әділет министрлігі тағы да 2 партия саяси ұйым ретінде құжат алғанын айтты.

— Екі саяси партияға тиісті растау берілді. Олар: «Ел тағдыры», «Ұрпақтар жалғастығы» партиялары. Ендігі келесі кезең – съезд өткізу. Сондықтан олардың жеделдігіне байланысты, егер 8 ақпанға дейін тіркеліп үлгерсе, тиісті шешім қабылданады», — деді Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова.

Сайлауға түсуге ниет білдірген 7 партияның арасында мәжіліс пен мәслихат сайлауының біреуіне ғана қатысу мүмкіндігін алғандары да бар. Мысалы, «Байтақ» партиясы Атырау, Қарағанды мен Қызылорда облыстарындағы мәслихат сайлауында ғана бақ сынайды. Өйткені, бұл партияның заңды талапқа сай құрылымдық бөлімшелері жоқ. Ал дәл осындай мәселесі бар Respublica партиясы керісінше, мәслихат сайлауына қатыспайды.

Қазақстанда парламент мәжілісінің және мәслихаттар сайлауы 19-наурызда өтеді. Сайлауға мемлекет қазынасынан 33,4 миллиард теңге бөлінеді.

Сурет: gov.kz

Related posts

Түнгі автобустарға тыйым салынды

editor

Самые популярные караванные маршруты Турции

ttjk

Коллекции прекрасных мозаик: Музей Газиантепа Зевгмы

Назия Жоямергенқызы