АЛМАТЫДА ПРОФЕССОР ЖАМБЫЛ ТОБАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

Профессор Жамбыл Тобаяқов техникалық ғылымдар саласында 100-ден астам ғылыми мұра қалдырған.

Алматыда энергетика саласының көрнекті өкілі, профессор Жамбыл Тобаяқов атындағы зертхана ашылды. Ғалымның есімі өзі ұзақ жыл еңбек еткен Алматы энергетика және байланыс университетінің Ғарыштың инженерия кафедрасының оқу бөлмесіне берілді. Аудитория Ж.Тобаяқовтың өмірінен хабар беретін стендтермен және электр қондырғыларымен жабдықталған. Бұл зерттеушілер мен студенттерге электрмагнитті толқындармен сынақ жүргізуге мол мүмкіндік береді.

 

Жиынға ғалымның көзін көрген әріптестері, шәкірттері мен ұрпақтары қатысты. Қонақтар абзал азамат, көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз Жамбыл Ошақбайұлының ғылым және білім  саласындағы, соның ішінде жастарды тәрбиелеудегі ерен еңбегі, адами тұлғасы, бекзат болмысы мен биік парасаты туралы естеліктерін айта келіп, шараның ұйымдастырылуына мұрындық болған азаматтарға, аталған білім ордасының басшылығына жүрекжарды алғыс білдірді.


Гамиль Қожин Техника
лық ғылымдардың докторы, профессоры, Ж.Тобаяқовтың замандасы:

«Жамбылдың 100-ден аса еңбегі: 10 оқу құралы, 5 монографиясы, ондаған әдістемелік жұмыстары  жарық көрді. Оның бәрі тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде,Германияда, Жапония және Польшада жарияланып, әлемге таралды. Жамбылдың іскерлігі сондай, біздің университет ашылғаннан кейін  Физика кафедрасының алғашқы меңгерушісі боп тағайындалды. Сол кездері 1975 жылдары құрал-жабдықтарды табу оңай емес еді. Ол өзі іздеп тауып, бірнеше зертхана  іске қосты. Студенттерге қалай жұмыс істеу керектігін үйретті. Оптика квант физикасы, электромагнитизм, механика және молекулярлық физика деген зертхана ашты. Бұл зертханаларға әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр».

Ғалым-профессор Жамбыл Тобаяқов 1975 жылы  Алматыда энергетика институтында физика факультетінің негізін қалады және 10 жыл бойы басқарды. 1994жылдан бастап өмірінің соңына дейін осы ЖОО ректордың тәрбие ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарды. Ол педагог ретінде физика және энергетика саласындағы көптеген ізбасар тәрбиелеп, ғылым саласының өркендеуіне үлес қосты. Өнегелі өмірін ғылымға арнаған ғалымның 100-ден астам ғылыми еңбегі, ондаған кітабы, монографиясы, сөздігі бар. Замандастарының айтуынша, Жамбыл Ошақбайұлы ғылымнан бөлек, қазақ тілі мен әдебиетінің, аударма ісінің  дамуына үлес қосты.Сондай-ақ, өнерлі жастарға қолдау білдіріп, қанатының астына алды.

Роза Рымбаева Қазақстанның халық әртісі

«Мен әнші ретінде алғаш сахнаға шығып жүрген кезімде Тобаяқовтар отбасы мені  қамқорлығына алып, мені еркелетіп, концерттеріме қолдау білдірді. Бұл жоғарғы адами қасиет қой. Жамбыл ағаның кезінде Энергетикалық институтқа ауылдан келген қазақ балалардың түсе алмайтын. Себебі техникалық білімдер орысша оқытылатын және қазақша мектеп бітірген қара көздерге өте қиын еді. Сол кезде ағамыз техникалық терминдерді қазақшаға аударып, физика пәнін қазақша «сөйлетті». Сосын «Қазақ тілі» қоғамын ашып, қазақ тілінің мәртебесін көтерді. Ол ұлағатты ғалым ғана емес,  қазақ тілінің шын жанашыры еді. Ғалымның өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі деп ойлаймын».

Жамбыл Тобаяқов аз өмір жасаса да, соңына мол мұра қалдырды. «Астарлы аспан» атты астрономия туралы кітап жазды. Ол кісінің атында Алматы қаласында көше және Жетісу облысы Кербұлақ ауылында мектеп бар.

Отынбекова Айша, Алматы қаласындағы
№204 мектебінің 11”А” сынып оқушысы.

Сурет: Тобаяқов отбасының бейнеқорынан

 

Related posts

Halyk Bank: смартфон ұтып алыңыз

ttjk

«SAQ-2024» білім беру жобасының бірінші кезеңі басталды

editor

Journalism education issues discussed at TDM

ttjk