СТАМБҰЛДАҒЫ ЖАРЫЛЫС

Түркияның ең ірі қаласы — Стамбұлдың туристер мен жергілікті халық ең көп жиналатын көшелерінің бірі — Истиклялде жарылыс болды.
Бүгін Түркия сағатымен 16.10-дар шамасында болған жарылыстан 6 адам қаза тауып, 52 адам жараланған. Қазір оқыс оқиға болған жерде полиция қызметкерлері, “Жедел жәрдем”, өрт сөндіру қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Стамбұл қылмыстық істер соты жарылыс болған жерге жақын алаңнан ақпарат таратуға тиым салды.
Нәзия Жоямергенқызы, Түркітілдес журналистер қоры.

Related posts

СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫНДА 1011 АЗАМАТ АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРЕДІ

Назия Жоямергенқызы

Алматы тауларында жоғалған 18 жастағы қыздың мәйіті табылды

Назия Жоямергенқызы

Сыртқы істер министрі Кипр Елшісін қабылдады

editor