ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ

Түркияда туризм саласына қатысы бар барлық қызметкерге COVID-19 вирусына қарсы екпе егу шарасы басталды. Аталған науқанға «Қауіпсіз туризмді сертификаттау» бағдарламасы шеңберінде Түркия Мәдениет және туризм министрлігі, Түркия Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркия Туризмді жетілдіру және дамыту агенттігі (TGA) жауапты. Басты мақсат – алдағы туризм маусымында туризм саласында қымет көрсететін мамандар мен олардың туғандарын, туристер көп шоғырланатын аймақтардағы тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету.

«Қауіпсіз туризм бағдарламасын сертификаттау» жобасы қолға алынған 2020 жылдың маусымынан бері Түркия денсаулық пен қауіпсіздікке қатысты барлық ережелерді қатаң сақтайды. Туризм маусымы ашылар алдында Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі елдегі туристік нысандар жыл он екі ай бойы ашық болуы үшін туризм саласындағы барлық азаматқа екпе егуді көздеп отыр.

Аталған бағдарлама Түркия Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркия Еңбек министрлігінің қатаң қадағалауы арқылы жүзеге асырылады. Ең алдымен «Қауіпсіз туризмді сертификаттау» бағдарламасына тіркелген барлық қонақүйлер, мейрамханалар, туристік агенттік қызметкерлері, гидтер қамтылады.

COVID-19 індетіне қарсы күресте Түркия «Қауіпсіз туризмді сертификаттау» бағдарламасын қабылдауды елдегі 30 және одан да көп бөлмесі бар ғимараттарға міндеттеді. Бүгінде осы бағдарлама бойынша 8 мыңнан астам нысан сертификатталған.

Түріктер мемлекетіндегі аса маңызды орынға ие туризм саласын қалпына келтіру V түрінде жоспарланып отырғандықтан, ең бірінші кезекте туризм саласындағы адамдарды індеттен аман сақтауға көңіл аударылып отыр. Осының арқасында Түркиядағы барлық туристер мен саяхатшылардың да денсаулығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Түркия туралы.

Жерорта теңізінің жиегінде орналасқан, Азия мен Еуропа құрлығын жалғастырған, Босфор бұғазы мен тарихи жәдігер, ескерткіштерімен әлемге танылған Түркияға былтыр 50 млн астам турист барған. Тарихымен, мәдени-рухани өркениетімен ерекшеленетін Түркия туралы  www.goturkiye.com арқылы толық ақпарат алуға болады.

Туризмді насихаттау және дамыту агенттігі туралы (TGA)

Аталған Агенттік ел экономикасына салынатын туристік инвестициялар көлемінің артуына сеп болды. Сондай-ақ, Агенттік ішкі және халықаралық туризмді дамыту, материалдық, материалдық емес табиғи, мәдени, биологиялық және қолөнершілер мұрасы, туризм саласындағы қысқамерзімдік-ұзақмерзімдік маркетинг т.б. айналысады.

 

Related posts

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қалай жүріп жатыр?

Назия Жоямергенқызы

БОДРУМ — ЛЮБИМОЕ НАПРАВЛЕНИЕ ТУРИСТОВ

ttjk

Елордада Euronews телеарнасының өңірлік кеңсесі ашылды

editor