HOMEBANK ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ — 42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІМ

Homebank қосымшасының Android нұсқасын жаңартып 42500 теңгеге өтінім беріңіз.

Клиенттерді қолдау мақсатында Halyk Bank Android қолданушылары үшін Homebank қосымшасында әлеуметтік төлем 42500 теңгеге өтінім беру мүмкіндігін енгізді. Алдағы уақытта iOS қолданушыларына бұл мүмкіндікті ұсынады

Енді миллиондаған қолданушы Android-қа арналған Homebank-тің жаңартылған қосымшасында әлеуметтік төлемге өтінім бере алады. Алдағы уақытта iOS қолданушыларына да бұл мүмкіндікті ұсынады
Егер сіз Halyk Bank клиенті болсаңыз, онда Homebank қосымшасында онлайн өтінім бере аласыз. Ол үшін Homebank қосымшасын жаңартыңыз, яғни соңғы нұсқаны жүктеп алыңыз (Apple қосымшасы жақын арада жаңартылады).
Android-қа арналған Homebank-тің жаңартылған қосымшасын жүктеп алыңыз, тіркеліңіз, логин мен пароліңізді енгізіп «Қызметер» бөліміндегі «Жәрдемақыға өтінім» батырмасын басыңыз
Егер сіз әлі Halyk Bank клиенті болмасаңыз, Homebank қосымшасында 100% онлайн қызметті қолданып, клиент атана аласыз. Картаны онлайн ашып, материалдық көмекті алу үшін шот нөміріңізді біле аласыз.
Ол үшін Homebank қосымшасын жүктеп, қосымшаны ашып, тіркеу рәсімінен өтіп, сенімді нөмірді орнатыңыз және пароль ойлап табыңыз. Одан ары әлеуметтік төлем есептелетін виртуалды шот ашыңыз және жоғарыда аталған тәсілмен өтінім беру қажет.
Бар болғаны осы. Homebank қосымшасында әлеуметтік төлем алуға өтінім әп-сәтте жолданады.
Төлемның берілуі туралы шешімді мемлекеттік уәкілетті орган қабылдайтынын екеріңіз.
Жолданған өтінім бойынша оң шешім қабылданған жағдайда әлеуметтік төлемді есептеу сіздің көрсеткен шотқа немесе банк картасына есептеледі, қаражатты кез келген банкоматтан комиссиясыз, тіпті Homebank қосымшасы арқылы картасыз алуға болады.
Клиенттерге түсінікті болуы үшін әлеуметтік төлем, яғни 42 500 теңгені алуға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға Halyk Bank арнайы бөлім halykbank.kz/42500 ашып, жауаптар дайындады
«Өтінімді қабылдау басталған кезде қолданып жүрген мемлекеттік арналарға түсетін жүктеме өте жоғары болатыны түсінікті, қазақстандықтардың басым көпшілігі Halyk Bank-тің қызметін қолданатын болғандықтан және еліміздің ең ірі банкі ретінде біз IT командамызбен қысқа мерзімде Homebank қосымшасында қашықтан 42500 теңгеге өтінім беру мүмкіндігін әзірлеп, енгіздік, сол арқылы біздің клиенттеріміз үшін оңай әрі ыңғайлы тәсілмен, ең маңыздысы үйден шықпай-ақ онлайн қызмет алу мүмкіндігі бар. Homebank қосымшасы толассыз өтінімдерді өңдеу үшін қосымша оңтайландырылды және Halyk Bank клиенттерге қызмет көрсетуге және жәрдемақы беруге толық дайын», — деп атап өтті Halyk Bank Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Антон Мусин.
Өз уақытыңызды және денсаулығыңызды сақтаңыз — әлеуметтік төлемге қашықтан өтінім беру қызметін пайдаланыңыз. Homebank клиенті Halyk Bank-тің барлық банктік қызметтерін онлайн қолдана алады.

Related posts

ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН КОНСУЛДЫҒЫ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

ttjk

Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens Energy компаниясының басқарма төрағасы Кристиан Брухпен кездесті

Түркітілдес журналистер форумының алғашқы күні Медеу мен Шымбұлақтан басталды

editor