«ХАЛЫҚ БАНКІНЕН» ХАЛЫҚҚА КӨМЕК

«Халық» қайырымдылық қоры Атырау облысындағы мұқтаж отбасыларға 1000 азық-түлік және дәрі-дәрмек жиынтығын жолдады.

«Халық» ҚҚ Қамқорлық кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаеваның шешімі бойынша Атырау облысындағы мұқтаж және көп балалы отбасыларға бірінші кезекте ең қажетті азық-түлік, жуғыш және антисептикалық заттар, Қазақстан Республикасының аумағында сертификатталған және тіркелген дәрілік препараттардандәрі-дәрмек салынған 1000 қорап көмек көрсетілді.

Елімізде карантин режимін енгізуге байланысты күрделі материалдық жағдайға тап болған және дәрі-дәрмекке мұқтаж, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың тізімін Атырау облысы әкімдігі ұсынған.

Әр қораптың салмағы 60 келіден асатын азық-түлік және дәрі-дәрмек жиынтығында Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен келісілген және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен COVID-19 емдеу хаттамасына енгізілген дәрілік препараттар, яғни «Азитромицин», «Ципрофлоксацин», «Амоксициллин», «Ривароксабан», «Бромгексин», «Спиролактон», «Аспирин», «Аскорбин қышқылы», «Нимесулид», сондай-ақ жиынтықта – күріш, ұн, қарақұмық, макарон, өсімдік майы, шай, қант, бұқтырылған ет, қойылтылған сүт, тәттілер, жуғыш, антисептикалық құралдар және медициналық бетперделер бар.

Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап «Халық» қайырымдылық қоры COVID-19 коронавирус инфекциясы салдарын жоюға бағытталған үлкен жұмыстарды атқарды. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға 20 000 астам азық-түлік жиынтығын тегін үлестіру, медицина қызметкерлеріне ақшалай төлемдер, қажетті медициналық жабдықтарды: ӨЖЖ аппараттарын, ПТР зертханалары және жедел жәрдем машиналары берілді. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 5 млрд 500 млн теңге болған.

Related posts

ATU: ЖАҢА БРЕНД – ЖАҢА БЕЛЕС

Назия Жоямергенқызы

IWPR Central Asia: «Экспертный РеФорум ЦА: ориентиры на будущее»

ТУРЦИЯ ЗА 1 ГОД ПРИНЯЛА 52 МЛН ТУРИСТОВ

ttjk