«Шеврон» Қазақстандағы «Білім керуені» жобасын іске асырады

 

Алматы, 29 маусым 2020 ж. — Қазақстанда STEM және елдегі білім беруді дамытудың инновациялық жолдары туралы кең ауқымды мәселелерді талқылауға бағытталған «Білім керуені» атты бірегей білім беру жобасы іске қосылуда. Білім саласындағы жергілікті және шетелдік сарапшылар пайдалы әрі қызықты идеялары мен шешімдерін әзірлеу үшін өздерінің білімдері мен тәжірибелерін біріктірмек. Жобаны «Шеврон» компаниясының бастамасы және қолдауымен ғылыми-техникалық білім беру саласындағы қазақстандық мамандар тобы жүзеге асырылады. Қауымдастыққа 20-дан астам қазақстандық және 7 халықаралық кәсіби сарапшы қосылып, жұмыс атқарады.

«Шеврон» компаниясының өкілі – Лейла Айтмұханова «білім саласындағы инновациялар, оның ішінде ғылыми-техникалық пәндер, сондай-ақ қазақстандықтардың шығармашылық әлеуетін толық іске асыру үшін жағдай жасау әрқашан біздің әлеуметтік бағдарламаларымыздың басты эелементі болып келді, ал «Керуен» болса, білім беру саласындағы мұғалімдер мен ойшылдардың, аты танымал тұлғалар мен әдіскерлердің, және де кәсіпкерлердің басын біріктіріп, өздерінің білімі мен тәжірибелерін жариялаудың бірден-бір мүмкіндігі. Ал осы білім алмасудың нәтижесінде көптеген жаңа идеялар мен жобалар жүзеге асырылады деп үміттенеміз» — деп атап айтты.

Оқытудағы пәнаралық көзқарас зерттелетін және де ғылыми-техникалық тұжырымдар нақты өмір кеңістігінде зерделенетін STEM білім беру бағытына – яғни, ғылымға (Science), технологияға (Technology), инженерия (Engineering) мен математикаға (Math), қызығушылықты арттыру мақсатында «Білім керуені» жобасы өз бастамасын алды.

STEM білім беру аймағында еңбек ететін оқытушыларды, үкіметтікемес ұйымдар мен үкіметті, жастар мен бизнес өкілдерін бір-бірімен пікір алмасуға, білім беру жүйесін жақсарту негізінде бірлескен шешімдер мен тәжірибеге негізделген ұсыныстар жасауға, сонымен қатар STEM білім беру әлемінде барлық мүдделі тараптар үшін мәліметтер дерекқорын / платформасын құру – жоба мақсаты боп табылатынын атап айту керекпіз.

Жоба екі кезеңнен тұрады:
• «Қазақстандағы STEM білім беру бағыты: ағымдағы жағдайы мен болашағы» атты тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізу.
• STEM мен білім саласындағы өзге де бағыттарда еңбектері сіңген жергілікті және шетелдік сарапшылардың қатысуымен өткізілетін, online және бетпе-бет кездесу түрінде өтетін, онлайн вебинарлар, дәрістер, ашық таныстырылымдар мен сұхбаттар, және өзге де қызықты іс-шаралар өткізу.

Жобаның бағыттары:
• Орта білім беру шеңберіндегі стратегиялық шешімдер;
• Орта білім беру жүйесіндегі басқару;
• STEM –нің негізгі орта білім беру бағдарламасында, таңдау пәні ретінде, педагогикада және инклюзия бағытындағы көрінісі
• Цифрландыру және болашақ мамандықтар.
Мақсатты аудитория: оқушы жастар, педагогтар мен ата-аналар; зерттеушілер мен сарапшылар; мектеп әкімшілігі мен барлық деңгейдегі білім беру департаменттерінің басшылары; кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес, қорлар
Жобаның қорытынды өнімі:
— Инфрографика форматындағы және классикалық нұсқадағы (қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі) зерттеулер;
— Жоба аясындағы мүдделі тараптарға арналған стратегиялық ұсыныстар.

Дильназ Сулейменова.

Related posts

Елордада көктемгі ауқымды экологиялық айлық өтеді

ttjk

«Qolda» шағын бизнеске көмектесті

ttjk

«OYLA» ЖУРНАЛЫ ОҚЫРМАНМЕН ҚАУЫШТЫ

Назия Жоямергенқызы