БҮКІЛ ӘЛЕМДІ ЖАУЛАҒАН ІНДЕТ

 

Әлемді алаңдатқан бұл вирус әлі де таралуда. COVID-2019 деген атауға ие болған жаңа коронавирус 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында аурудың таралуы барысында анықталды.Ғалымдардың болжауы бойынша кей елдерде короновирус ертерек аяқталуы мүмкін. Осы болжам бойынша Ұлыбританияда тамызда,ал АҚШ-та қырқүйек айында аяқталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенетін болсақ, короновирус індетін бүкіл әлем бойынша 5 миллионнан астам адам жұқтырған. 333 мыңнан астамы қайтыс болып, 2 миллионға жуығы жазылып шықты. Ал, Қазақстанға
келсек, 2020 жылдың 4 маусымында бұл вирусты 12 312 адам жұқтырып, 54-і қаза тапқан. Жазылып шыққандар саны — 6606. Содан бастап барлық халықты алаңдатқан індет біздің күнделікті өмірімізге, саясатымызға өзінің үлкен ықпалын тигізді. Қазақстанда төтенше жағдай режимі Дүниежізілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты алғаш 15 наурызда 15 сәуірге дейін енгізілген болатын. Артынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 1 мамырға дейін созу туралы жарлыққа қол қойды. Ал 27 сәуірде Президент карантин мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді. Әрине,бұл кез келген адамға оңай тимеді. Кейбір азаматтар кіріс көзінен айырылып, табыссыз қалды. Қазіргі уақытта Қазақстанның ірі қалалары — Нұр-Сұлтан, Алматыда карантин режимі босаңсытылды, бірақ әлі де базарлар, адам көп шоғырланатын театрлар,тойханалар жұмысы тоқтап тұр.

Қалиева Жадыра.

Related posts

StopMusor: қоқысқа қарсы күрес

ttjk

100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕ — OPENWORK

Назия Жоямергенқызы

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ: «ТУҒАН ЖЕРІМ — ТҰҒЫРЫМ»

editor