КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

Бүгіннен бастап елімізде төтенше жағдайға байланысты кейбір қатаң ережелер жеңілдетілді.
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кезекті жарлығында елде болып жатырған төтенше жағдайға байланысты қабылданған кейбір заңдарды өзгертті.
  • Яғни 1 мамырдан бастап авиакомпаниялар, теміржол вокзалдары өз жұмысын бастады. 4 мамырда жеке кəсіп орындары,шаштараз,базарлар жұмысын бастайды. Ал 11 мамыр күні елде карантин мерзімі аяқталып,барлық халық бұрынғыша өмір сүре бастайды деп жоспарлануда. Халық қазірден бастап көшеде серуендеп, спортпен айналысып жатыр. Салауатты өмір салтын ұстану иммунитетімізді күшейтеді. Сол арқылы осы аты жаман ауруға ағзамыз қарсы тұрады. Бұның бəрі біздің ынтымағымыз, тыныштығымыз үшін жасалып жатырған өзгерістер.

    «Тəртіпке бағынған құл болмайды» демекші, біз неғұрлым санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтап жүрсек бұл қиындықтыда еңсеретініміз сөзсіз!

Кабенова Аружан, Қарасу ОЖББМ 9-сынып оқушысы, БҚО.

Related posts

Experience the beauty of İstanbul in the Golden Glow of the September Sun

editor

МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

ttjk

ШЫҰ қызметінің аса маңызды бағытының бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту

Назия Жоямергенқызы