Қ.Тоқаев: МЕДИЦИНАНЫ ДАМЫТАМЫЗ

Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін де денсаулық сақтау саласын жақсартуға деп қойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қ. Тоқаев былай деді: «Денсаулық сақтау министрлігі ауруды тест арқылы анықтау жұмысын барынша күшейтуге тиіс.

Оны халықаралық стандартқа сәйкес тәулігіне кем дегенде 20-25 мыңға дейін жеткізу қажет.

Осыған орай, Үкіметке қысқа мерзім ішінде отандық тест-жүйесінің өндірісін қолға алуды тапсырамын.

Біз иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу үшін қолда бар мүмкіндіктерімізді толық пайдалануымыз керек.

Вакцина қолжетімді болған кезде Қазақстан шетелдің дәрі-дәрмегін күтіп отырмауы қажет.

Дағдарыстан кейін де біз медицинаны дамытуға баса мән береміз.

Бұл салаға мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіледі.

Үкімет Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс жобасына осы саланы жетілдіретін нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.

Парламент бұл кодексті сессияның соңына дейін қабылдайды деп ойлаймын».

Related posts

Бекшин: Шет елдерге шығуды тоқтата тұру керек

ttjk

КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚҚА «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» СЫЙЛАДЫ

ttjk

Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи жабдықтар сыйға берілді

ttjk