МӘЖІЛІСТЕ ЖАСТАР МЕН ӘЙЕЛДЕР КӨБЕЙЕДІ

Келесі парламенттік сайлауда ҚР Мәжілісінде жастар мен қыз-келіншектердің саны артатын болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды: «Ұлттық кеңестің бастамасымен саяси реформалар бағытында дайындалған кезекті заң жобалары бүгін Мәжілісте қаралып, бекітілді. Бұл саяси партиялар мен сайлау туралы заңдарға өзгерістер. Атап айтқанда, партияларды тіркеу үшін қажетті мүшелердің саны екі есе азайтылды және партиялық тізімдерде әйелдер мен жастардың үлесі міндетті түрде 30 пайыз құру жөніндегі норма енгізілді. Бұл өзгерістерді қабылдау қажеттігі жөнінде Ұлттық кеңестің екінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған болатын. Бейбіт жиын туралы заң жобасы секілді, бұл заң жобалары да кең талқылаулардан өтті – алдын ала арнайы порталда жарияланып, мемлекеттік органдардың жанындағы Қоғамдық кеңестерде, басқа да қоғамдық алаңдарда қаралды. Мәжіліс тарапынан құрылған жұмыс тобындағы талқылауларға да Ұлттық кеңестің мүшелері (Андрей Чеботарёв Marat Bashimov Толеутай Рахимбеков Дания Еспаева), белгілі заңгерлер, қоғам белсенділері, сарапшылар қатысқан болатын. Сондықтан, бүгін Мәжіліс қабылдаған жаңа заң жобалары бұл бір жағынан, Президенттің маңызды саяси бастамаларына үлкен заңнамалық қолдау, екінші жағынан Ұлттық кеңестің нәтижелі жұмысының тағы бір көрінісі. Таяу уақытта, Мәжілісте Ұлттық кеңесте көтерілген тағы басқа маңызды бастамалар қаралады, ол мысалы, парламенттік оппозиция туралы мүлдем жаңа норма.

Related posts

“ШЕВРОН” КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФ ТАБЫСТАДЫ

ttjk

Астанадағы апатты үйлерден 4200 адам жаңа баспанаға көшіріледі

ttjk

ХАЛЫҚ БАНКІ АЙ САЙЫН ПӘТЕР СЫЙЛАЙДЫ

ttjk