Жылыой ауданында екі әлеуметтік инфрақұрылым нысаны ашылды

Әлеуметтік нысандардың құрылысы «Теңізшевройл» ЖШС-нің
«Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
«Теңізшевройл» ЖШС өзінің «Игілік» әлеуметтік инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында Жылыой ауданында екі әлеуметтік инфрақұрылым нысанын пайдалануға берді. Майкөмген ауылында балабақшаның салтанатты ашылуы өтті. Бұл нысан ауылда ашылған алғашқы балабақша болды.


Балабақшаның салтанатты ашылуына Жылыой ауданы әкімдігінің өкілдері, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) басшылығы, БАҚ өкілдері және Майкөмген ауылының тұрғындары қатысты.
Ауылдағы алғашқы балабақша 100 балаға арналған. Балабақшаның аумағында әр жас тобына арналған 4 топтық алаң бар. Аталмыш алаңдар көлеңке шатырларымен жабдықталған. Жаңа балабақша спорттық және ойын жабдықтарымен жабдықталған, бұл балалардың демалысын және спорт бағытында дамытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоба бойынша нысанды автономды энергиямен және жылумен қамтамасыз ету қарастырылған.
Жаңа балабақша ғимараты қауіпсіздіктің барлық талаптарына сай және мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергісіз жүруіне арналған пандуспен жабдықталған.
Сонымен қатар, балабақшаның іргелес аумақтарын абаттандыруға ерекше назар аударылды. Барлық серуендеу аумақтары абаттандырылған. Жаяу жүру жолдары мен орындықтар қарастырылған.
Дәл осы күні Құлсары қаласында Құрсай өзенінің абаттандырылған жағалауының тұсаукесері өтті. Құрсай өзенін тазарту бағдарламасы аясында жағалауды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағдарлама бойынша Қамыскөл деңгейін ұстап тұруға, оның шайылмауына, Құрсай өзені ағынын жақсартуға жағдай жасалды. Құлсары қаласының тұрғындары үшін демалу мүмкіндіктері артты.
Бағдарламада келесі жұмыстар қарастырылған:
1. Ембі (Жем) өзенінен 2 км қашықтықта суасты каналы бар су қабылдайтын қондырғы және Құрсай өзенінің ағысындағы ағу каналын тереңдету қондырғысы
2. Құржем өзенде ұзындығы 285 м бөгеті бар суды басқару қондырғысы және ұзындығы 1 км жол
3. Канал бойымен 2,5 км бұлақтарды тазартатын және тереңдететін Құржем өзеніндегі су өткізгішКөлдің арасындағы көпір өткелі.
4. Камыскөл көлі мен Демьян көлінің арасындағы көпір
5. Құлсары қаласының шекарасындағы ұзындығы 3,6 км Құрсай өзенін тазарту және тереңдету

Жаңа нысандардың тұсаукесер рәсімінде Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет мырза ТШО-ның Жылыой ауданының тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесін атап өтті және компанияға аймақтың барлық тұрғындары атынан алғысын білдірді. Өз кезегінде ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев ТШО үшін компания жұмыс істейтін қауымдастықтарға қаражат бөлудің маңызы зор екенін атап өтті.
«Біз ТШО-ның қызметі ел мен облысқа экономикалық пайдасын ғана емес, сонымен қатар өзіміз тұрып жатқан жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік әл-ауқатына оң әсерін тигізіп отырғанына қуаныштымыз. Атырау облысының әкімдігімен және жұртшылықпен тығыз ынтымақтастығымыз әрі қарай өнімді түрде жалғасады деген үміттеміз. Барлығымыз осындай өңірге қажетті әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының пайда болуына әлі де бірге куә боламыз деп сенемін», — деп атап өтті Рзабек Артығалиев.
Жылдық бюджеті 25 млн АҚШ доллары болатын «Игілік» ерікті бағдарламасы «Теңізшевройл» ЖШС-нің Атырау облысындағы әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын қолдауға бағытталған корпоративтік жауапкершілігі саласындағы негізгі бастамаларының бірі болып табылады. Осы күнге дейін аталмыш бағдарлама аясында 90-нан астам жоба жүзеге асырылды. 1993 жылдан бастап ТШО-ның әлеуметтік салаға қосқан жалпы үлесі 1,8 млрд АҚШ доллардан асты.
###
«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді және осының нәтижесінде өндіріс көлемі жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.

Related posts

Halyk Bank Қазақстанда алғашқы болып Samsung Pay қызметін қосты

ХАЛЫҚ БАНКІНЕН — «ҮМІТ КУБОГЫ»

ttjk

Құтқарушы дала өртінде қаза тапты

editor