ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ-2019

«ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ»-2019
«ЖАСТАР – ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ»
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. «ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ»-2019 – мектеп оқушылары арасында жыл сайын өтетін шығармашылық байқауы (бұдан әрі – Байқау) «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ ұйымдастыруымен, Қазақстандағы жалпы білім беретін, гимназиялар, лицейлердегі 2-11 сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру және ынталандыру мақсатында республикалық деңгейде өтетін байқау.
2. Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтарды тағайындау Қазылар алқасының шешімімен жүзеге асырылады.
3. Қазылар алқасының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мүше бола алады.
4. Байқаудың номинациялары:
 «Үздік мақала» ( «Жастар – елдің болашағы» тақырыбына шығарма жазу);
 «Үздік фотосюжет» (жастарға қатысты 3 сурет түсіру);
 «Үздік жүргізуші» ( жастарға қатысты қалаған өлеңін мәнерлеп оқу).
5. Байқауды өткізуді үйлестіру. Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті бекітетін байқаудың ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.
6. Ашықтық. «Жас журналистер байқауы»-2019 ережесі Байқауға қатысуға танытқан 2-11 сынып оқушыларының барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже отандық БАҚ-та және «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ ресми сайтында www.ttjk.kz жарияланады.
7. Байқау Ережесінде өзгерістер мен толықтырулар болуы мүмкін. Олар жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
8. Қатысушылардың жас ерекшелігі. Байқауға қатысушылар 5 топқа бөлінеді: 2-3 сыныптар, 4-5 сыныптар, 6-7 сыныптар, 8-9 сыныптар, 10-11 сыныптар.
2. Байқауға қатысу шарттары
9. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:
А). Материалдар мемлекеттік тілде қабылданады.
Ә). «Үздік мақала» (көлемі 1 беттен кем болмауы тиіс, Times New Roman, шрифт — 14), «Үздік фотосюжет» (әр қатысушыдан – 3 фотосурет) аталымдарына жіберілетін материалдар электронды поштаға жолданады. «Үздік жүргізуші» аталымы бойынша Байқауға қатысушы жастар туралы 1 өлеңді жатқа оқып, оны ұялы телефон арқылы видеоға түсіріп, YouTube арнасына жүектеп, сілтемесін youngjournalists2019@gmail.com электронды поштасына жібереді.
Б). Байқауға қатысатын оқушы өзінің аты-жөні, Байқау жарнасын төлеген түбіртегінің суреті, өзінің 3Х4 суреті, мектебі, сыныбы, ұялы телефонының нөмірі Байқауға дайындаған мұғалімі туралы қысқаша ақпаратты youngjournalists2019@gmail.com электронды поштасына жолдауы шарт.
В). Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2019 жылдың 10 желтоқсаны, сағат 23:50-ге дейін.
10. Жұмыстар Байқаудың Ұйымдастыру комитетіне Ережеде көрсетілген мерзімнен кешіктірілмеуі шарт. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, сондай-ақ, мерзімнен кеш келіп түскен жұмыстар Байқауға жіберілмейді. Іріктеуден өтпей қалған материалдарға Ұйымдастыру комитеті мен Қазылар алқасы түсініктеме бермейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды.
3 . Байқаудың жарнасы
11. Байқауға қатысу ақылы, ерікті түрде демеушілердің және ата-аналардың жарнасының негізінде өткізіледі. Байқауға қатысу жарнасы – 5 000 теңге.
12. Төлем жасау жолдары:
Қазпошта арқылы. Жергілікті мекенжай бойынша Қазпошта бөлімшесіне барып, 11636 төлем коды арқылы жарна төлей алады.
4 Байқаудың өту кезеңі
13. Байқау материалдары Байқаудың Ережеде көрсетілген youngjournalists2019@gmail.com электронды поштасына 2019 жылдың 10 желтоқсаны сағат 23.50-ге дейін келіп түседі. Қазылар алқасы өз жұмысының нәтижесі бойынша Байқау жеңімпаздарын айқындайды.
5. Жеңімпаздарды марапаттау
14. Марапаттау салтанаты Алматы мен Ұйымдастыру комитеті қажет деп тапқан басқа қалаларда өтеді. Марапаттау болатын күн қатысушылар мен жеңімпаздарға алдын ала хабарланады.
Қазылар алқасы Байқауда іріктеуден өткен материалдар арасынан әр аталым бойынша жас ерекшілігіне қарай құрылған 5 топтан жеңімпаздарды анықтайды:
Бас жүлде – 5 жеңімпаз;
1-орын – 10 жеңімпаз;
2-орын – 15 жеңімпаз;
3-орын – 20 жеңімпаз.
15. Байқауда көзге түскен бірнеше қатысушы Ынталандыру сыйлығымен және арнайы «Алғыс хатпен» марапатталады.
16. Жеңімпаздардың барлығына «Жас журналистер байқауы»-2019 байқауында жеңіске жеткенін растайтын дипломдар мен сыйлықтар, жеңімпаз оқушыны Байқауға дайындағаны үшін ұстаздарына «Алғыс хаттар» табысталады.
17. Байқауда белсенділігімен және журналистикаға бейімімен ерекшеленген 30 қатысушыға (3 номинация бойынша – 10 қатысушы) Түркітілдес журналистер қоры Алматы қаласында 1 апталық (7 күн) тегін Журналистика курсын өткізеді. Өткізілетін мерзімі алдын ала хабарланады. Курсқа қатысушылар Алматыдағы шығындарын (жолақысы, тамақ, жатын орын т.б.) өздері төлейді. Оқу барысында балалар үшін Алматыдағы көрнекі жерлерге пресс-турлар, редакцияларға шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Курс соңында барлық қатысушыға арнайы сертификат беріледі.
6. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері
18. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары:
• Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкессіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді Байқауға қабылдамауға;
• Қазылар алқасының қорытындылау жұмысын қадағалауға;
• Қандай да бір үміткерге қатысты Қазылар алқасының мүшелері өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде Байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.
19. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
• Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
• Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
• Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
7. Қазылар алқасының құқықтары мен міндеттері
20. Қазылар алқасы мыналарды іске асыруға құқылы:
• Байқауға түскен материалдарға баға беру;
• Жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, Байқауды қорытындылау.
21. Қазылар алқасының міндеттері:
• Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
• Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу;
• Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол бермеу.
8. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
22. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:
• Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;
• Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарын түсіндіруді сұрау;
• Байқауға қатысу үшін материал жолдау.
23. Байқауға қатысушылардың міндеттері:
• Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу,
• Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;
• Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;
• Ережеде қарастырылған талаптарды сақтау.
9. Медиа ресурстар
24. Байқауға ақпараттық қолдау жасауды ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.
10. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты
25. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Жароков көшесі, 39А (Қабанбай батыр көшесінің қиылысы). Байланыс телефоны: +7 702 958 6533; +7 747 358 5841;
электронды пошта: youngjournalists2019@gmail.com

Related posts

ТӘУЕЛСІЗДІК — БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Назия Жоямергенқызы

МИНИСТР ҚОСТАНАЙДАҒЫ БАРДЫ

ttjk

EMITT-2023: СТАМБҰЛДАҒЫ ӘЛЕМДІК ТУРИЗМ ЖӘРМЕҢКЕСІ

ttjk