«JOLTAP» жобасы қала тұрғынына бір апта ішінде мамандығын өзгертуге қалай көмектесті

Астанада «JOLTAP» жобасы жүзеге асып жатыр. Жоба жұмыссыз азаматтарға жұмыс табуға және қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жоба аясында 2 мыңнан астам астаналық түрлі мамандық бойынша оқыту курстарынан өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың 32 жастағы тұрғыны Әбілмансұр Баянхан «JOLTAP» жобасына дейін өзін түрлі салада сынап көрген. 7 айдан астам уақыт кондитер аспазшысы болып жұмыс істепті, енді 3 айдан бері бариста болып жүр.

«Мен «Бағдарламашы» мамандығы бойынша білім алдым. Алайда, жиһаз саласында 8 жылдан астам жұмыс істедім. Өткен жылы мен тамақтану саласына ауысқым келді және кондитерлік бойынша жұмыс таптым. 7 ай кондитер болып жұмыс істегеннен кейін кондитерлік кофехана ашқым келді», – дейді астаналық.

Ол «JOLTAP» жобасы туралы біліп, бариста мамандығы бойынша оқу туралы шешім қабылдаған.

«Мен жоба туралы күтпеген жерден білдім. Қала көшелерінде «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері мен консультациялық орталықтарды көрдім. Содан бағдарлама туралы, оның мүмкіндіктері туралы біліп, жаңа мамандықты игеру туралы шешім қабылдадым. Ұсынылған 14 кәсіптің ішінен «Бариста» бағытын таңдап, өз мақсатыма жол аштым», – дейді сұхбаттасушы.

Бір аптаның ішінде ол кәсіби бариста дағдыларын игеріп, жұмысқа кірісіп кетті.

«Бариста мамандығы өте қызықты және өзекті. Оқуды аяқтағаннан кейін жұмыс іздеп, қабылдауларға бара бастадым. Бірнеше кофеханаға жүгіндім және төртінші күні екеуінен жауап келді. Қазір мен үш айдан бері бариста болып жұмыс істеп, табыс тауып жүрмін», – деді Әбілмансұр Баянхан.

Айтуынша «JOLTAP» қала тұрғындары үшін өте қажет жоба. Ол астаналықтарға мамандығын ауыстырып қана қоймай, сүйікті ісімен де айналысуға мүмкіндік береді.

«Көптеген адам бағдарлама туралы кеңінен біле алады, өздері үшін қызықты саланы таңдай алады және болашақта тіпті өз ісін аша алады. Жоба елорданың әрбір тұрғыны үшін қолжетімді мүмкіндіктер береді», – деді ол.

Жоба аясында ыңғайлы оқыту үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған жекелеген оқу сыныптарында жүргізіледі. Өту мерзімі – үш күннен бір айға дейін.

Бұл жобаға 18-50 жас аралығындағы астаналықтар қатыса алады. Соңында түлектерге сертификаттар беріледі.

Related posts

ОРМАНДАҒЫ ӨРТ ТУРАЛЫ

ttjk

Halyk – Қазақстандағы ШОБ үшін тағы да үздік банк болып танылды

ttjk

Резервтік түсімдер: Алматының жергілікті бюджеті ненің есебінен өсуде