Кепілсіз тұтынушылық банктік қарыз бойынша берешекті өтеу рәсімі туралы ақпараттық хабарлама
07.08.2019

«Қазақстан Халық банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысына сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеу рәсімін бастағаны туралы хабарлайды.
Қарызды өтеу рәсімі келесі санаттағы клиенттерге ғана қатысты:
• көп балалы отбасылар;
• асыраушысынан айрылуы бойынша төлем алатын отбасылар;
• 18 жастан асқан бала кезінен мүгедек және мүгедек баласы бар отбасылар;
• мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
• жетім балалар;
• 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Бұл ретте, қарыз алушылардың жоғарыда аталған санаттарының қарыздары мынадай шарттарға сәйкес келуі тиіс:
2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тұтынушылық кепілсіз қарыздардың барлық шарттары бойынша жалпы берешек сомасы (негізгі борыш және есептелген сыйақы) екінші деңгейдегі барлық банктер/микроқаржы ұйымдары (ЕДБ/МҚҰ) алдында қарыз алушы бойынша 3 млн. теңгеден аспауы тиіс);
берешектің жалпы сомасынан 300 мың теңгеден аспайтын берешек (негізгі қарыз және есептелген сыйақы) өтеуге жатады.
Қарыздары есептен шығаруға жататын тұлғалардың тізімін, сондай-ақ қарыз бойынша есептен шығару сомасын «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ ұсынатын болады.
Банк берешекті өтеу рәсімін дербес жүргізетіндіктен, Банк бөлімшелеріне келіп, байланыс орталығына қоңырау шалудың қажеті жоқ. Қарыз өтеу рәсімі аяқталғаннан кейін Банк ағымдағы жылдың қыркүйек айында өз қарыз алушыларын sms-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 727 2 590 301|pr@halykbank.kz|www. halykbank.kz

Related posts

«Halyk Finance» стала победительницей «Cbonds Awards CIS»

ttjk

ГАЗ ОРНАТАМ ДЕСЕҢІЗ — ПАЙЫЗСЫЗ НЕСИЕ

Түркия GSTC 2023 жаһандық тұрақты туризм конференциясын өткізеді

ttjk