Журналист Маржан Жұмабай Индира Жылқайдарова атындағы арнайы марапатқа ие болды

2026 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ журналистикасының үздіктері – 2026» марапаттау салтанатында Atameken Business телеарнасының журналисі Маржан Жұмабайға Индира Жылқайдарова атындағы «Қайсарлық пен кәсіби адалдық» арнайы марапаты табысталды.

Маржан Жұмабай – экономика, экология, әлеуметтік мәселелер және халықаралық қатынастар тақырыптарын көтеріп жүрген тележурналист, арнайы репортаждар мен журналистік зерттеулердің авторы.

Журналистің кәсіби қызметінде экономикалық мәселелерді жан-жақты талдау, олардың халықтың тұрмыс-тіршілігіне әсерін көрсету және қоғам назарын өзекті проблемаларға аудару маңызды орын алады.

Атап айтқанда, оның «Экономика vs. Экология» журналистік зерттеуінде Қазақстандағы су тапшылығы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экономикалық даму мен экологиялық қауіпсіздік мәселелері қарастырылған.

Сонымен қатар Маржан Жұмабай халыққа көрсетілетін қызметтердің қымбаттауы, инвестициялық жобалар, Қазақстанның көрші мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастығы және халықаралық экономикалық байланыстар туралы арнайы репортаждар дайындап келеді.

Индира Жылқайдарова атындағы «Қайсарлық пен кәсіби адалдық» марапаты журналистикадағы кәсіби жауапкершілікті, табандылықты, шындыққа адалдықты және қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтерудегі қайсарлықты дәріптеуге арналған.

Марапат ұйымдастырушылары Маржан Жұмабайдың журналистік зерттеулерін, экономика мен экология саласындағы өзекті мәселелерді жариялауға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубы отандық журналистиканың дамуына үлес қосып жүрген кәсіби мамандарды қолдауды және олардың еңбегін қоғамға танытуды маңызды міндеттерінің бірі санайды.

Related posts

Биыл «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы жөнделді

Мылтық ұстаған әйел перзентхана қызметкерлерін кепілге алды

editor

HALYK BANK-тен APPLE PAY ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ

ttjk