Шығыс Қазақстанда қолайсыз жағдайда өмір сүрген төрт бала қауіпсіз жерге орналастырылды

Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз үй» республикалық профилактикалық іс-шарасының қорытындысы жарияланды. Бір ай ішінде полиция мен басқа да құзырлы органдар 12 мыңға жуық тұрғын үйді тексеріп, 112 құқықбұзушылық анықтаған.
Риддер қаласында төрт кәмелетке толмаған бала тұратын отбасының санитарлық жағдайы талапқа сай болмағаны, үйде азық-түлік пен ауызсу болмағаны анықталған. Балалардың бірі ауруханаға жатқызылып, үшеуі «Үміт» бейімдеу орталығына орналастырылған. Бұл мәліметтер полицияның ресми ақпаратына негізделген.

Related posts

HALYK BANK ҚАРЫЗДЫ КЕШІРЕДІ

ttjk

3,5 мың адам скринингтен өте алмай отыр

editor

«Қазгидромет» РМК: 12 қазанға арналған ауа райы болжамы

Назия Жоямергенқызы