Қызылордада бір аптада бейнекамералар арқылы 1686 құқықбұзушылық анықталды

Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 1686 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Сонымен қатар қоғамдық орындарды ластаудың 110 және абаттандыру ережелерін бұзудың 25 дерегі тіркелген.
Жол қозғалысы ережелерін бұзған 1358 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 6–7 қараша күндері мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынған.

Related posts

Ұлттық ұландықтар тыйым салынған заттарды таратқандарға тосқауыл қойды

editor

Түркия — бірегей таңғажайыптар елі

Назия Жоямергенқызы

ТАРАЗДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ СЕМИНАРЫ БОЛАДЫ

Назия Жоямергенқызы