«ХАЛЫҚ» БАНКІНІҢ ҚАРҚЫНЫ ҚАРЫМДЫ

Бүгін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығын қортындылады.

Алматыдағы Бас кеңседе өткізілген баспасөз мәслихатында Халық банкінің Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова ханым: «Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Халық банкі мен оның еншілес банкі Казкоммерцбанктің басты міндеті шілденің соңына жоспарланған олардың қайта ұйымдастырылуына дайындық жұмысты аяқтау болды. Бұл ауқымды жобаға 95 мың адам-сағат жұмсалған, шамамен 500 бизнес-процестерді өңдеп, 150 түрлі IT-жүйенің жұмысын үйлестірген 790 білікті маман қатысты. Бұл ретте біріктіру кезеңінде клиенттеріміз қызмет көрсетуде қолайсыздықтарды сезінбес үшін екі банк үзіліссіз, тыңбай жұмыс істеді. Бүгінгі күні біз миллиондаған қазақстандықтар үшін қолжетімді үздік банк өнімдерін, қызметтері мен сервистерін іріктеп алдық. Қазіргі таңда біріктірудің барлық мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылған сәтте Қазақстанның ең ірі технологиялық тұрғыдан дамыған және сенімді банкі сонымен қатар клиентке бағдарланған болуы үшін біз қызмет көрсету сапасын арттыруға ден қоямыз», — деп мәлімдеді.

Ресми деректерге сүйенсек, Халық банкінің таза кірісі 2018 ылдың бірінші тоқсандағы 62,1 млрд теңгемен салыстырғанда, негізінен қаржылық емес активтердің 30,3 млрд теңге мөлшерінде құнсыздануы, сондай-ақ Қазкоммерцбанктің мерзімі шегерілген салықтық активін мойындауды 43,3 млрд теңге мөлшерінде тоқтату есебінен 2018 жылдың екінші тоқсанында 24,1 млрд. теңгеге дейін төмендепті. Бұдан бұрын Қазкоммерцбанк өзінің балансында салықтық активтерді келешек кезеңдерге көшірілген салықтық зияндарға байланысты көрсетті. ҚХЕС басқа компанияның мерзімі шегерілген салықтық активін аударуды рұқсат етпейтінін ескере отырып, ККБ Банкке біріктірілгенге дейін оны баланста мойындауды тоқтатып, кірістер мен шығындар туралы есепте қосымша салықтық шығыстар ретінде көрсетті. Ал пайыздық кіріс негізінен есептен шығарылған немесе ККБ клиенттері өтеген бірқатар қарыздар бойынша дисконтты амортизациялау, сондай-ақ Банктің пайыздық шығыстарын 5,6 пайызға қысқарту есебінен 2018 жылдың екінші тоқсанында 90 млрд теңгеге дейін (21 пайыз) өсті. Таза пайыздық маржа 2018 ж. алғашқы жартысындағы жылдық 4,3 пайызбен салыстырғанда, таза пайыздық кірістің өсуі нәтижесінде екінші тоқсанда жылдық 5,2 пайызға дейін өскен.

Кредиттік зияндар бойынша шығыстар 2018 ж. 1-тоқсандағы 5,2 млрд теңгемен сатылстырғанда, негізінен ККБ-нің Ресейдегі еншілес ұйымы Москоммерцбанк құрған провизиялар және ККБ-нің проблемалық активтерді басқару бойынша еншілес ұйымдары қалпына келтірген провизияларды шоғырландырылған негізде есепке алудың есебінен 17,7 млрд теңгеге дейін 3,4 есе өсті. Клиенттерге берілген қарыздар бойынша тәуекелдің құны 2018 ж. 1-тоқсандағы жылдық 0,2%-бен салыстырғанда, 2018 ж. 2-тоқсанда жылдық 1,7%-ға дейін өсті.

Қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер 2018 ж. 1-тоқсанмен салыстырғанда, негізінен транзакциялық бизнестің көлемі өсіп келе жатқанының нәтижесінде 6,2%-ға өсті.

Өзге пайыздық емес кірістер 2018 ж. 1-тоқсандағы 43,3 млрд теңгемен салыстырғанда, 2018 ж. 2-тоқсанда 40,2 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға төмендеді. ККБ қарыздарын өтеудің салдарынан пайда болған және ККБ-ні сатып алғанға дейін Банк жасаған кредиттік зияндар бойынша шығыстарды қалпына келтіру қаржылық есептілікте өзге шығыстар ретінде көрсетіледі. 2018 ж. 2-тоқсанда мұндай өтеулер аз болғанындықтан, 2018 ж. 2-тоқсандағы өзге шығыстар 2018 ж. 1-тоқсанмен салыстырғанда төмен болды. Төмендеу сақтандыру қызметінен түсетін кірістердің және туынды қаржы құралдарын және сауда операцияларды 2018 ж. 2-тоқсанда теңге бағамының әлсіреуі есебінен оң қайта бағалау есебінен пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер мен міндеттемелер бойынша таза пайданың өсуімен ішінара өтелді.

Операциялық шығыстар (негізгі құралдардың, инвестициялық жылжымайтын мүліктің және сатуға арналған активтердің құнсыздануынан зиянды қоса алғанда) негізінен Банктің мүлкін, инвестициялық активтерді және сатуға арналған активтерді қайта бағалауға, ККБ-ні интеграциялау процесіне қатыстырылған қызметкерлерге бұрыңғыдан жоғары жалақы мен төлемдер, сондай-ақ ККБ-нің компьютерлік жабдығы мен банкоматтарын жөндеуге және қызмет көрсетуге шығыстар есебінен бір жолғы шығысы 30,3 млрд теңге есебінен 89,5%-ға өсті.

Операциялық шығыстардың операциялық кіріске қатынасы 2018 ж. 1-тоқсандағы 28,3%-мен салыстырғанда, операциялық кірістің өсуіне қатысы бойынша операциялық шығыстардың өсу қарқыны жоғары болуына байланысты 47,2%-ға дейін ұлғайды. Операциялық кіріс негізінен кредиттік қызметтен түсетін Банктің пайыздық кірістердің және комиссиялық бизнестен түсетін кірістердің есебінен 13,4%-ға ұлғайды.

АКТИВТЕР

2018 ж. 1-тоқсанда активтер негізінен 2018 ж. 24 сәуірде Алтын банктегі 60%-дық үлесті сату есебінен 2017 ж. 31 желтоқсанмен салыстырғанда, 6,6%-ға және 2018 ж. 31 наурызбен салыстырғанда 1,6% төмендеді, нәтижесінде оның активтері мен міндеттемелері Банк балансынан кері шоғырландырылды.

2018ж. 31 наурызбен салыстырғанда клиенттерге берілетін қарыздар тоқсан ішінде бөлшек портфельдің 7,0%-ға өсудің нәтижесінде брутто негізде 0,8%-ға және нетто негізде 0,4%-ға өсті. Несиелік портфельдің ұлғаюы проблемалық берешекті есептен шығаруы және ККБ клиенттерінің өтеуіне байланысты корпоративтік несиелік портфельдің 1,0%-ға төмендеуі салдарынан ішінара тежелді.

Банк пен ККБ-нің агрегаттаулы NPL 90+ коэффициенті 2018 ж. 31 наурыздағы 12,7%-бен салыстырғанда 12,3% құрады. Коэффициенттің төмендеуі Банк портфеліндегі ірі корпоративтік қарыздарды қайта құрылымдау және бөлшек қарыздар мен ШОБ қарыздары бойынша үмітсіз берешекті есептен шығару есебінен орын алды.

Құнсыздануға резервтер 2018 ж. 31 наурызбен салыстырғанда, негізінен ККБ-нің несиелік портфеліндегі құнсызданған қарыздарға қарсы жасалған қосымша провизиялардың және несиелік портфельдің валютада деноминацияланған бөлігі бойынша жасалған провизияларды оң қайта бағалаудың нәтижесінде 4,0%-ға өсті.

МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты 2018 ж. 31 наурызбен салыстырғанда, негізі Банк клиенттерінің қаражатын қосымша орналастыруы және екінші тоқсан ішінде теңгенің айырбастау бағамы өсуіне байланысты валютада деноминацияланған депозиттерді оң қайта бағалау есебінен тиісінше, сәйкесінше 5,4%-ға және 6,1%-ға өсті. 2018 ж. 30 маусымдағы жағдай бойынша депозиттердің жалпы сомасындағы теңгеде деноминацияланған корпоративтік депозиттердің үлесі 2018 ж. 31 наурыздағы 54,2%-бен және 2017 ж. 31 желтоқсандағы 48,3%-бен салыстырғанда 53,3% құрады, сонымен қатар, депозиттердің жалпы сомасындағы теңгеде деноминацияланған бөлшек депозиттер үлесі 2018 ж. 31 наурыздағы 42,7%-бен және 2017 ж. 31 желтоқсандағы 40,7%-бен салыстырғанда 44,5%-ды құрады.

Кредиттік мекемелердің қаражаты 2018 ж. 31 наурызбен салыстырғанда, негізінен 2018 ж. 2-тоқсанда ағымдағы қызмет барысында ЛОРО шоттарынан қаражатты ішінара алу есебінен 1,6%-ға төмендеді. Банктің 2018 ж. 30 маусымдағы жағдай бойынша қаржы институтары алдындағы міндеттемелерінің 79%-ы 2014-2018 жж. экономиканың жекелеген секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-нан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-нан тартылған қарыздардан құралды.

Шығарылған бағалы қағаздар 2018 ж. 31 наурызбен салыстырғанда, негізінен ККБ-нің еурооблигацияларды жылдық 8,5% купондық мөлшерлемесімен 300 миллион теңге сомасына олардың айналым мерзімі аяқталуына байланысты өтеудің есебінен 69%-ға төмендеді. Еурооблигацияларды өтеуді ККБ 2018 ж. 11 мамырда өз қаражаты есебінен жүргізді.

ШОБ қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу 

Халық банкінің мемлекеттік «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен пәрменді ынтымақтастығы 2018 жылдың екінші тоқсанында да жалғасын тапты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша есепті кезеңде Халық банкі бағдарламаға қатысушы банктердің арасында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мақұлданған жобалардың саны (2 046 жоба) жағынан – бірінші орынды және субсидияланған портфель көлемі (291,2 млрд теңге) жағынан – екінші орынды сенімді түрде иеленіп отыр.

«Даму» қорымен ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты  Халық банкінің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін қарыздар бойынша кепілдік беру бағдарламасы болып табылады. Халық банкінің клиенттерімен бұл бағдарлама іске қосылған сәттен бастап 940 кепілдік шартына қол қойылды, ол бағдарлама аясында шығарылған кепілдіктердің жалпы көлемінің 22,5%-ын (4 172) құрайды. Халық банкінің клиенттері үшін «Даму» қорының жиынтықтағы кепілдік мөлшері  ақшалай көрсетілгенде 13,5 млрд теңгені немесе осы бағдарлама бойынша шығарылған кепілдіктің жалпы сомасы 21,6%-ды құрады. Осы көрсеткіштердің әрқайсысы бойынша және жалпы алғанда Халық банкі бағдарламаға қатысушы банктердің ішінде тұрақты түрде 1 орынға ие болып тұр.

Бұған қосымша Халық банк шағын және орта кәсіпкерлерді (ШОКС) қаржыландырудың түрлі мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатысады. Осылайша өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететін ШОКС қолдау бағдарламасының шеңберінде осы бағдарламаны іске асыруға мемлекет бөлген 32 млрд теңгеден Халық банк 84,8 млрд теңге сомасына 338 жобаны қаржыландырды (екінші қайтара игеруді ескере отырып). Бөлінген және игерілген қаражаттар көлемі бойынша Халық банк алғашқы үштікке кіреді.

ШОКС өңірлік қаржыландыру бағдарламасы бойынша Халық банк пен «Даму» қоры арасында жалпы сомасы 8,8 млрд. теңгеге 25 келісім бекітілген, оның ішінде жалпы сомасы 6,4 млрд. теңгені құрайтын 21 келісім бойынша бастапқы игеру 100%-бен аяқталды. Бүгінгі күні Халық банк 2017 және 2018 жж. бағдарламасы бойынша бөлінген, қалған 2,4 млрд теңге қаражатты бастапқы игеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

2017 жылғы тамыздан бері Халық банк нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысуда. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк Алматы, Астана қалаларында және Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан сияқты 13 облыста қызмет етіп отыр. Бұл ретте Халық банкте орналастырылған қаражаттар сомасы 3,801 млрд теңгені құрайды.

2017 жылғы желтоқсанда Халық банк «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға кірісе бастады (жеке құрылысшылардың тұрғын үй салуын ынталандыру бағыты шеңберінде). Бүгінгі күні бағдарлама шеңберінде банкте 3 клиент бар.

Бөлшек сауда бизнесі

2018 ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша Банк жеке тұлғалар салымы нарығында көшбасшы позициясын сақтап келді: оның бөлшек депозиттер нарығындағы үлесі 20,62%-ды құрады. Оның ККБ еншілес банкі дәл осы күнге тұрғындар депозиттері нарығының 16,76%-на ие болды.

Есепті кезеңнің соңында Банктің кредиттік портфелі нарығындағы 14,24% үлеспен 616 млрд құрады, осы уақытта ККБ ұқсас көрсеткіш бойынша нарықтың 8,4% үлесімен 362 млрд нәтиже көрсетті.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Банк бөлшек клиенттер базасының оң динамикасын көрсетті, ол 2018 ж. 1 шілдеде 8 млн клиентті құрады, оның ішінде белсенділері (банктік өнімнің біреуден артығымен қолданатын) — 74% немесе 6 млн клиент.

Банктің төлем карталарының саны 2 тоқсанның соңына қарай 6,7 млн-ға дейін ұлғайды, бұл ретте белсенді төлем карталары бойынша Банк рыноктың 37%-на ие болды. ККБ 1 шілдедегі жағдай бойынша шығарған карталардың саны 2,8 млн дананы құрады. Белсенді карталар саны бойынша ККБ нарықтың 13%-на ие болды.

Банктің өңірлік өкілдіктерінің желісі көптеген жылдар бойы Қазақстанда кең тармақталғандардың қатарына жатады. 1 шілдеде клиенттердің барлық сегментіне қызмет көрсететін 22 филиалдан және 448 бөлімшеден тұрды. ККБ-ның филиалдық желісіне есеп беру кезеңінің қорытындылары бойынша 21 филиал мен 197 бөлімше кірді.

Банктің төлем инфрақұрылымына есеп беру кезеңінің соңында 2 342 банкомат пен 576 төлем терминалы енді, олар ККБ-ның 2 073 банкоматы мен 533 төлем терминалымен қатар жұмыс істеп, қос банктің клиенттеріне қосымша комиссияларсыз тең жағдайда қолжетімді болып табылатын бірыңғай эквайрингтік құрылғылар желісін құрды.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

 

Related posts

Dünya e-Basın Konseyi Birliği (DEBK) 3. Olağan Kongresi yoğun katılımla gerçekleşti

ttjk

ОРБҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ бабалар ерлігін еске салды

Назия Жоямергенқызы

АЛМАТЫ: ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ҚАН КЕРЕК

Назия Жоямергенқызы