“ЕРКІН СӨЗ”-2026 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

“Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ жәнеХалықбанкіАкционерлік қоғамының серіктестігімен, 2017 жылдан бері отандық БАҚ өкілдері арасындақаржы және қаржылық сауаттылықты арттырутақырыбына өтетінЕркінсөз”-2026шығармашылық байқауының ережесі.

«ЕРКІН СӨЗ»-2026 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

1. Жалпы ережелер
2. «Еркін сөз» журналистер арасында өтетінбайқауы(бұдан әріБайқау) қазақ тілінде ақпарат тарататын журналистердің шығармашылыққарымын күшейтужәне ынталандыру мақсатындаөтеді.

Байқаудың міндеттері:

Қазақ журналистердің қаржылық саладағы кәсібибілігін жақсарту, Қазақ қоғамындағы қаржылық сауат деңгейін БАҚ-та жарияланатын материалдар арқылы көтеру.

Журналистерді ынталандыру;

3. Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен сыйлықтарды тапсыру 2026 жылдың 11 қарашасында өтеді.
4. Жеңімпаздарды айқындау жәнесыйлықтардытағайындау Байқау комиссиясыныңшешіміменжүзеге асырылады.
5. Байқау комиссиясының құрамынабелгіліжурналистер, мемлекеттік және қоғамқайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерікіре алады.
6. Байқау комиссиясы жеңіске талпынған БАҚ өкілдерініріктеу барысында келесі шарттардыбасшылыққаалады:

 

материалдардың объективтілігі;

кәсіби шеберлігі;

мәселенің көтерілуі және оны жан-жақты ашыпкөрсету;

материалдар туғызған қоғамдық резонанс пен түйткілдердішешу жолдары;

жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

7. Байқауды өткізуді үйлестіру.

Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру  “Түркітілдесжурналистер қоры» ҚҚ президенті  бекітетін Байқаудыңұйымдастыру комитетіне(бұдан әріҰйымдастырукомитеті) жүктеледі.

8. Ашықтық.

Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылықтанытушы тұлғалардың барлығынатанысу үшінұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

9. Жеңімпаздар келесі байқауға 2 жылдан кейінғанақатысуға құқылы.
10. Байқауға қатысу шарттары
11. Байқауға қатысушылар.

Байқауға қатысуға Қазақстанда қазақ тіліндежазатын жәнехабар тарататын барлықреспубликалық, халықаралық жәнеаймақтық БАҚ журналистері шақырылады.

11. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.

Байқауға қатысуға қаржы және қаржылық сауатты арттыру тақырыбындағы материалдарқабылданады. Қатысушыларғақойылатын талап: көтерілген тақырып халықтыңқаржылықсауаттылығын арттыру тұрғысынанпайдалы болуы шарт.

2026 жылдың 01 қаңтарынан 2026 жылдың  21қазанынадейін жарияланған немесе эфиргешыққан МАҚАЛА мен ТЕЛЕСЮЖЕТТЕР қабылданады. Бір редакциядан бірнеше журналист матреиал жолдауға қақылы.

12. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар.

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (газет бетінің PdF форматы қабылданбайды) және WORD форматтағы нұсқасыұсынылуы тиіс.

Дыбыстық-визуалды жұмыстар (телевизиялық сюжет) телеарнаның YouTube арнасына жарияланған сілтемесімен ұсынылуы тиіс.

Электрондық БАҚ журналистері (сайт, портал, онлайн газеттер) жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап, cілтеме және WORD форматтағы нұсқасыжолдауны қажет.

Материалдар мемлекеттік  тілде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылдың 21 қазаны, сағат 23:00-ге дейін.

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті мен ұялы телефон нөмірі.

Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.

Бір журналист ұсынатын материалдардың саны 1-ден аспайды.

14. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдарқайтарылыпберілмейді.
15. Байқаудың өту кезеңдері
16. Алғашқы кезең.

Қазақстандағы БАҚ-та Байқауды өткізу туралыақпарат, қатысу шарттары мен Байқау ережесітуралы хабарландыружарияланады.

16. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі.

Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастырукомитетініңмекен-жайына немесе электрондыпоштаға 2026 жылдың 21қазаны, сағат 23.00-ге дейін келіп түседі. Байқауға берілгенөтініштердіқараудың регламентін Байқаукомиссиясыбелгілейді. Байқау комиссиясы өзжұмысының нәтижесібойынша байқаужеңімпаздарын айқындайды.

17. Қорытындылау.

 

Жеңімпаздарды жариялау келесі номинацияларбойыншабайқауды жалпы қорытындылаушеңберінде іскеасырылады:

Үздік видеосюжет (телевидение);

Үздік мақала (газет);

Сайттағы үздік мақала;

Жеңімпаздарды марапаттау.

 

18. Байқау материалдарын бағалау жәнеіріктеупроцедурасы

 

Байқау материалдарын бағалау барысында келесішарттарназарға алынады: белгіленген тақырыпқасәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудыңтереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалықсапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдықжұмыстамазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалықпринциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.

19. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері

Ұйымдастыру комитеті:

Байқау туралы осы ереженің талаптарынасәйкесіздіктердінегізге ала отырып, үміткердібайқауға қабылдамауға;

Қандай да бір үміткерге қатысты Байқаукомиссиясыныңмүшесі өз өкілеттіктерін асырапайдаланғаны анықталғанкезеңде Байқауқорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

20. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

 

А) Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Ә) Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасызету;

Б) Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердіңуақытынанбұрын жария етілуіне жол бермеу.

21. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері

 

Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруғақұқылы:

Байқауға түскен материалдарға баға беру;

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар тағайындайотырып, байқауды қорытындылау.

22. Байқау комиссиясының міндеттері:

 

А). Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Ә). Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердіңуақытынанбұрын жария етілуіне жол бермеу.

Б). Байқау комиссиясы мүшесінің байқауғақатысуына жолберілмейді.

23. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруғақұқылы:

А). Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралыақпараттаралу;

Ә). Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженіңтармақтарынатүсіндіруді сұрау;

Б). Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

24. Байқауға қатысушылардың міндеттері:

 

А). Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, Байқауғақатысу үшін қойылатын талаптардызерттеу;

Ә). Осы Ереженің талаптарына сәйкесрәсімделгенматериалдарды уақытылы ұсыну;

Б) Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.

25. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:

 

А). Материалдар мен түйіндемедекөрсетілгенақпараттардың шынайылығынақойылатын талаптардыбұзғаны үшін;

Ә). Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелермен процедураларды сақтамағаны үшін.

26. Медиа ресурстар

Байқауға ақпараттық қолдау жасауды  ақпараттықсеріктестіктер қамтамасыз етеді.

27. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

 Байқаудың ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Жароков көшесі, 39A.

Сall centre: + 7702 543 7740 (WhatsApp); электрондыпошта: erkinsoz2026@gmail.com

Related posts

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР 135 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ КӨМЕК АЛДЫ

ttjk

ЮНЕСКО кафедраларының кездесуінде «МедиаТДМ» платформасы іске қосылды

ttjk

Шымбұлақта 2022-2023 тау шаңғысы маусымы ашылды

ttjk