Қазақстанда 1 қыркүйекте мектепке мұғалімге гүл алып баруға бола ма

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа оқу жылының басталуына орай мұғалімдерге гүл сыйлауға болатын-болмайтынын нақтылады.

Шолпан Ақпарова бұл мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдарға алдын ала хаттар жолданғанын атап өтті.

«Мектеп қабырғасында гүл немесе қандай да бір сыйлықтар сыйлауға рұқсат етілмейді. Біз мұны бөлек жазып қойған болатынбыз. Сондықтан бұған қажеттілік жоқ», — деп қосты спикер.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрінің айтуынша, 1 қыркүйекте барлық мектеп сыныптарында бірыңғай сынып сағаттары өтеді. Ал колледждерде ұзақтығы шамамен 45 минут болатын кураторлық сағаттар ұйымдастырылады.

kaz.nur.kz

Related posts

Он айда әкімдердің атына 1,1 млн рет өтініш жазған

editor

Аким области Абай поздравил ветеранов войны с Днем Победы

Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады

Назия Жоямергенқызы