«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ жәнеХалық банкіАкционерлік қоғамының серіктестігімен, 2017 жылдан бері отандық БАҚ өкілдері арасында қаржы және қаржылық сауаттылықты арттыру тақырыбына өтетінЕркін сөз”-2026шығармашылық байқауының ережесі.

«ЕРКІН СӨЗ»-2026 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

1. Жалпы ережелер
2. «Еркін сөз» журналистер арасында өтетін байқауы(бұдан әріБайқау) қазақ тілінде ақпарат тарататын журналистердің шығармашылық қарымын күшейтужәне ынталандыру мақсатында өтеді.

Байқаудың міндеттері:

Қазақ журналистердің қаржылық саладағы кәсіби білігін жақсарту, Қазақ қоғамындағы қаржылық сауат деңгейін БАҚ-та жарияланатын материалдар арқылы көтеру.

Журналистерді ынталандыру;

3. Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен сыйлықтарды тапсыру 2026 жылдың 11 қарашасында өтеді.
4. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтардытағайындау Байқау комиссиясының шешіміменжүзеге асырылады.
5. Байқау комиссиясының құрамына белгіліжурналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.
6. Байқау комиссиясы жеңіске талпынған БАҚ өкілдерініріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққаалады:

 

материалдардың объективтілігі;

кәсіби шеберлігі;

мәселенің көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсету;

материалдар туғызған қоғамдық резонанс пен түйткілдердішешу жолдары;

жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

7. Байқауды өткізуді үйлестіру.

Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру  “Түркітілдесжурналистер қоры» ҚҚ президенті  бекітетін Байқаудыңұйымдастыру комитетіне (бұдан әріҰйымдастырукомитеті) жүктеледі.

8. Ашықтық.

Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылықтанытушы тұлғалардың барлығына танысу үшінұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

9. Жеңімпаздар келесі байқауға 2 жылдан кейін ғанақатысуға құқылы.
10. Байқауға қатысу шарттары
11. Байқауға қатысушылар.

Байқауға қатысуға Қазақстанда қазақ тілінде жазатын жәнехабар тарататын барлық республикалық, халықаралық жәнеаймақтық БАҚ журналистері шақырылады.

11. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.

Байқауға қатысуға қаржы және қаржылық сауатты арттыру тақырыбындағы материалдар қабылданады. Қатысушыларғақойылатын талап: көтерілген тақырып халықтың қаржылықсауаттылығын арттыру тұрғысынан пайдалы болуы шарт.

2026 жылдың 01 қаңтарынан 2026 жылдың  21 қазанынадейін жарияланған немесе эфирге шыққан МАҚАЛА мен ТЕЛЕСЮЖЕТТЕР қабылданады. Бір редакциядан бірнеше журналист матреиал жолдауға қақылы.

12. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар.

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (газет бетінің PdF форматы қабылданбайды) және WORD форматтағы нұсқасыұсынылуы тиіс.

Дыбыстық-визуалды жұмыстар (телевизиялық сюжет) телеарнаның YouTube арнасына жарияланған сілтемесімен ұсынылуы тиіс.

Электрондық БАҚ журналистері (сайт, портал, онлайн газеттер) жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап, cілтеме және WORD форматтағы нұсқасы жолдауны қажет.

Материалдар мемлекеттік  тілде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылдың 21 қазаны, сағат 23:00-ге дейін.

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті мен ұялы телефон нөмірі.

Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.

Бір журналист ұсынатын материалдардың саны 1-ден аспайды.

14. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдарқайтарылып берілмейді.
15. Байқаудың өту кезеңдері
16. Алғашқы кезең.

Қазақстандағы БАҚ-та Байқауды өткізу туралы ақпарат, қатысу шарттары мен Байқау ережесі туралы хабарландыружарияланады.

16. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі.

Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетініңмекен-жайына немесе электронды поштаға 2026 жылдың 21қазаны, сағат 23.00-ге дейін келіп түседі. Байқауға берілгенөтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясыбелгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесібойынша байқау жеңімпаздарын айқындайды.

17. Қорытындылау.

 

Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойыншабайқауды жалпы қорытындылау шеңберінде іскеасырылады:

Үздік видеосюжет (телевидение);

Үздік мақала (газет);

Сайттағы үздік мақала;

Жеңімпаздарды марапаттау.

 

18. Байқау материалдарын бағалау және іріктеупроцедурасы

 

Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттарназарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалықсапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыстамазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.

19. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері

Ұйымдастыру комитеті:

Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкесіздіктердінегізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;

Қандай да бір үміткерге қатысты Байқау комиссиясыныңмүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталғанкезеңде Байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

20. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

 

А) Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Ә) Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

Б) Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынанбұрын жария етілуіне жол бермеу.

21. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері

 

Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:

Байқауға түскен материалдарға баға беру;

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.

22. Байқау комиссиясының міндеттері:

 

А). Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Ә). Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынанбұрын жария етілуіне жол бермеу.

Б). Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жолберілмейді.

23. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:

А). Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттаралу;

Ә). Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарынатүсіндіруді сұрау;

Б). Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

24. Байқауға қатысушылардың міндеттері:

 

А). Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, Байқауғақатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;

Ә). Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделгенматериалдарды уақытылы ұсыну;

Б) Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.

25. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:

 

А). Материалдар мен түйіндемеде көрсетілгенақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптардыбұзғаны үшін;

Ә). Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.

26. Медиа ресурстар

Байқауға ақпараттық қолдау жасауды  ақпараттықсеріктестіктер қамтамасыз етеді.

27. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

 Байқаудың ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Жароков көшесі, 39A.

Сall centre: + 7702 543 7740 (WhatsApp); электронды пошта: erkinsoz2026@gmail.com

 

Related posts

МАРАШ БАЛМҰЗДАҒЫ мен ИРМИК ХЕЛВАСЫ

ttjk

«Қайрат» — Қазақстанның 2025 жылғы чемпионы! Алматы клубы екінші мәрте қатарынан топ жарды

САМЫЕ КРАСИВЫЕ МАРШРУТЫ ДЛЯ ДАЙВИНГА В ТУРЦИИ

ttjk