Ұлы үшін жеке заттарын сатқан: ӘЧ-да сенсация жасаған қақпашының оқиғасы

Парагвай құрамасының қақпашысы Орландо Хиль Әлем чемпионатының 1/16 финалында Германияға қарсы пенальти сериясында екі соққыны қайтарды. Осыдан төрт жыл бұрын оның ұлын емдетуге ақшасы болмаған еді.

Аргентиналық «Сан-Лоренсо» клубының 26 жастағы голкипері немістерді жеңген сенсациялық матчтің басты кейіпкеріне айналды.

Негізгі уақыттағы алты сейв пен пенальти сериясындағы тағы екі қайтарылған соққы Парагвайға 1/8 финалға шығуға мүмкіндік берді.

Айта кетерлігі, Орландо Хиль ұлттық құрама сапында тек 2025 жылдың қыркүйегінде дебют жасаған, ал немістермен өткен ойын оның құрама қақпасындағы оныншы матчі ғана болды.

Ұлын құтқару үшін құрама жейдесін сатқан

БАҚ мәліметінше, Орландо Хиль бала кезінде шабуылшы болуды армандаған, бірақ біртіндеп қақпашы қолғабын киюге шешім қабылдаған.

Алайда футбол жас қақпашыға отбасын асырауға, әсіресе, күтпеген жерден күрделі ота қажет болғанда жететіндей табыс әкелмеді. Орландоның жаңа туған ұлы Лаутиге дәл осындай көмек қажет болды.

«Лаути дүниеге келгенде, өміріміздің ең қиын сәтінде, Орландо өмір үшін күресіп жатқан ұлымыздың шығындарын өтеу үшін өзінің барлық клубтық заттарын, тіпті U-20 құрамасындағы жейдесін де сатуға мәжбүр болды», — деді желіде оның жары Мелисса Авалос Хильдің 2026 жылғы Әлем чемпионатында Түркияға қарсы өткізген алғашқы ерлікке толы матчінен кейін.

Нәтижесінде сәби аман қалып, 2 наурызда 4 жасқа толды.

Ұлын аман алып қалған соң, қақпашының өмірі тез өзгере бастады. Ол парагвайлық клубтан Аргентинаға ауысып, жалақысы да, ойын тәжірибесі де айтарлықтай артты.

Оған қарамастан, жас голкипер ұзақ уақыт бойы құрамаға шақырылмады, ол ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіне қатысқан жоқ. Дегенмен, ұлттық құрамадағы алғашқы ойындарынан-ақ Хиль өзін жақсы жағынан көрсете білді, ал енді ол бүкіл Парагвайдың қаһарманына айналды.

ӘЧ-2026-да сенсация жасаған қақпашылар

Айта кетейік, Орландо Хиль бұл Әлем чемпионатында тамаша ойынымен көптің назарын аударған алғашқы қақпашы емес.

Әлем чемпионатының бастапқы кезеңінде Кабо-Верденің 40 жастағы қақпашысы Возинья доданың басты жұлдыздарының біріне айналды. Қақпашы бір түнде анымал болып шыға келді – Испанияға қарсы өткен сәтті матчтен соң оған 17 миллион адам жазылды.

Енді Возинья плей-офф кезеңінде Аргентина құрамасы мен Лионель Мессиге қарсы ойнайды.

Еске сала кетейік, футболдан Әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 20 шілдеге дейін жалғасады. Келесі матчте Парагвай құрамасы Франция мен Швеция кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Tengrinews.kz

Related posts

Олжас Бектенов: Байланыс операторларының бағалық сөз байласу мен тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеуін, міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету қажет

Назия Жоямергенқызы

Абай облысының 15 медицина қызметкері шетелде біліктілігін арттырды

Аким области Абай встретился с жителями района Мақаншы