Ауа орнына у жұтып…

Қан құса бастадық… Экологиялық апат.

Еңбешіқазақ ауданына қарасты Әймен ауылының жағдайы неше рет БАҚ шықса да өз шешімін табатын емес. Сасық иіске тұншыққан ауыл халқының таза ауа зар болуы бер жағы екен, соңғы кезде улы газды амиактың деңгейі 82 пайыздан асқандықтан, ауыл тұрғындарының мұрны қанап, бас ауруы көзді ашытқан иістен тамақтарының ашуына шағымданушылар көбейіп кеткен.
Осы жағдайды көзбен көріп халықтың жағдайын білмекке Әймен ауылына ат басын тіреген болатынбыз.
Ауылда әр түрлі ұлт өкілдері қоныстанған, Қазақ орыс пен қатар күрд ұлттары да өте көп. Ең үлкен мәселе мал басының 10-20 емес, (ірі қара) 40-50 бастан ұстап, бордақы бағуы, және малдардың навозін (нәжіс) ауыл төңірегіне тастап, ауылдағы жан жақта тек мал навозі төгілгендіктен жерге сіңбей бүтін ауылды сасық иістің алып тұруы. Біз барғанда да иістен сапарластарымыздың кейбірі кері байланыс беріп ауырып жылдам қайтып кетті. Ал осы иісте жиырма төрт сағат емес бүкіл ғұмырын өткізіп жатқан ауыл халқының жағдайы расында мүшкіл..
Владимир РЕМИЗОВ Әймен ауылы тұрғыны:
Біз жергілікті билік пен бизнес өкілдері көз жұмып отырған, мыңдаған адамның өміріне қауіп төндірген нағыз экологиялық апатқа тап болдық.
Ауылымыздың ішінде, тұрғын үйлерге тұрғызып қойғандай тым жақын жерде ондаған ірі мал шаруашылығы фермалары заңсыз жұмыс істеп тұр. Тонналаған қи мен қалдықтар өңделмейді, олар тікелей адамдардың терезесінің астына және ауыл айналасына төгілуде. Санитарлық-эпидемиологиялық станцияның (СЭС) ресми қорытындысы бойынша, ауадағы аммиак пен улы газдардың концентрациясы рұқсат етілген нормадан 82,5 есе жоғары.
Бұл улы түтін ауыл үстінде тәулігіне 24 сағат бойы тұр. Жағдай қазірдің өзінде медициналық дағдарысқа айналды: тұрғындар созылмалы ауруларға шалдығуда, онкологиялық дерттер көбейіп жатыр. Мен өзім спортпен белсенді айналысатын адаммын, бірақ осы улы газдарды үнемі жұтудың салдарынан мұрын қуысымның шырышты қабығы қатты химиялық күйікке ұшырады. Осы жылдың мамыр айында менен тоқтаусыз қан кетіп, жедел жәрдеммен ауруханаға түстім. Барлық медициналық құжаттар мен СЭС-тің ресми сараптамалары бар.

Тұрғындардың айтуынша, ауылда мал басының шамадан тыс көбеюі және кейбір шаруашылықтардың санитарлық талаптарды сақтамауы экологиялық жағдайды ушықтырып жатыр, мал қиының арнайы орындарға шығарылмай, ауыл маңындағы сай-салаларға төгіліп тазаланбайды екен.
Соңғы он жылдықта ауылдағы мал ұстамайтын халықтар көшіп орнына мал ұстайтындар келіп мал басының одан ары көбейіне әкелген. Осының салдарынан аммиак пен зиянды газдардың көбеюі тұрғындарды ғана алаңдатып отыр.
Тұрғындардың мәліметінше, бұған дейін жүргізілген зерттеулерде аммиак деңгейінің санитарлық нормадан жоғары екені анықталған. Бұл ауылдағы жағымсыз иістің негізгі себептерінің бірі болып отыр.
Қанша жерге арызданып шағым жазса да ауылға СЭС мамандары келіп, сасық иістің адам өміріне қауіпті екендігі дәлелденсе де нәтиже жоқ дейді ауыл тұрғындары. Мал ұстайтындар өздерінің ЖО оқуының жоқтығын, жұмыс таппайтындығын алға тартып, мал бордақылап күн көреміз деген уәж айтады.
Салтанат АБУОВА Әймен ауылының тұрғыны мұғалім.
Ауылда кейбір тұрғындар малды қорадан шығармай бағып, одан шыққан көңді (навозды) ауыл сыртындағы сай-салаларға төгеді… Терезе ашып үйді желдету былай тұрсын, жуылған киімдерді далаға жаюдың өзі мүмкін емес… Бір жерге барсақ киіміміз сасып тұрады…
Екі жыл бұрын санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) тексеруі нәтижесінде ауыл ауасынан аммиактың жоғары мөлшері анықталған болатын. Алайда осы жағдайға қарамастан, түрлі мекемелерге жолданған шағымдардан нақты нәтиже шықпады.
Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары арасында аллергиялық және тері аурулары көбейіп, мұрыннан жиі қан кету сияқты денсаулық мәселелері жиілеп отыр. Біз осындай қолайсыз жағдайда өмір сүріп келеміз. Мектепте жабылу алдында тұр.. Бәрі көшіп тек мал ұстайтындар қалып жатыр.
Көңдер төгілген жерге Алматыдан келгендер жақындай алмадық.. Сасық иіс анадайдан мүңкіп жанына жолау мүмкін емес. Аймен ауылы Құлжа тас жолынан да Есік Түрген жолынан да біраз қашықтықта жатқандықтан ба аудан да облыс та, қара халықтың да үнін әзір еститін емес.. Дәл Есік жақын Қарасай ауылында да мал бордақылайтындар өте көп, бірақ ауданға жақын болғандықтан таза ұстап, ауаның ластануы жоқтығына куә болдық.
Азаматхан ӘМІРТАЙ Байтақ жасылдар экологиялық партиясы төрағасы.
Бұл жерде расында ауасы өте қатты ластануы бар, мен жаңа ауылда жүргенде дәретхананың ішінде жүргендей сезіндім.. Ауыл халқының жағдайы расында мүшкіл. Енді біздің партия бұл жағдаймен айналасады. Тұрғындары бізге арыз жазса біз міндетті түрде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс жасаймыз.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл мәселе бүгін немесе кеше ғана пайда болған жоқ. Жылдар бойы жиналған экологиялық проблеманың салдары бүгінде халықтың денсаулығына, өмір сапасына және қоршаған ортаға тікелей әсер етіп отыр. Қоғамдық тыңдау барысында тұрғындар құзырлы органдардан нақты әрекет күтетіндерін жеткізді. Олар заң талаптарының сақталуын, тәуелсіз экологиялық сараптама жүргізілуін және қоршаған ортаға зиян келтіріп отырған кәсіпорындардың қызметіне құқықтық баға берілуін талап етуде.
«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері де бұл мәселені бақылауда ұстайтындарын мәлімдеді. Егер тұрғындар тарапынан ресми өтініштер мен арыздар түссе, партия жергілікті атқарушы органдармен және жауапты мемлекеттік мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізуге дайын екенін айтты.
Әймен ауылының мәселесі – бір ауылдың ғана емес, экологиялық қауіпсіздік пен азаматтардың денсаулығына қатысты маңызды қоғамдық мәселе. Сондықтан тұрғындар олардың үні естіліп, жағдайды жақсартуға бағытталған нақты шешімдер қабылданады деп үміттенеді.

 

Related posts

ФЛЕШМОБ: ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

Жаңа астықтың 5,1 млн тоннасы экспортталды

«Қайрат» футбол клубы әлемдік рейтингке енді