Мектептерде БЖБ мен ТЖБ-дан бас тарту: не өзгереді?

Оқу-ағарту министрлігі мектептерде БЖБ мен ТЖБ-дан біртіндеп бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Олардың орнына жекелеген бақылау жұмыстары кеңірек қолданылуы мүмкін. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова үкіметтегі брифингте мәлімдеді.

Журналистер министрден қазір БЖБ мен ТЖБ жүйесін қайта қарау үшін қандай шаралар қарастырылып жатқанын сұрады.

Анықтама: БЖБ — бұл бөлім бойынша жиынтық бағалау, ТЖБ — тоқсан бойынша жиынтық бағалау.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, қазір Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселе бойынша ауқымды талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, министр мектептерде қазірдің өзінде жекелеген бақылау жұмыстары — диктанттар, шығармалар мен мазмұндамалар енгізіліп жатқанын атап өтті.

«Сондықтан біртіндеп БЖБ мен ТЖБ-дан бас тартуды ойластырып отырмыз, бірақ ол үшін негіздемелер, соның ішінде талдау қажет», — деді ол.

Шенеунік биыл Оқу-ағарту министрлігі мен Орта білім беру комитеті 2025–2026 оқу жылына арналған 1–11 сыныптар бойынша БЖБ мен ТЖБ-ға талдау жүргізгенін хабарлады. Ол тамыз конференциясына қарай ведомство БЖБ мен ТЖБ-ның қай сыныптарда сақталатынын, ал қай жерде басқа бағалау нысандарымен алмастырылатынын анықтауды жоспарлап отырғанын айтты.

Мән-жайы

БЖБ мен ТЖБ салдарынан туындайтын жүктеме тақырыбы бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Тіпті 2019 жылы министрлік мектептердің кейде күніне 6–7 БЖБ немесе ТЖБ өткізетінін, мұның жол берілмейтін жайт екенін айтқан болатын.

Tengrinews.kz

Related posts

Браконьерлерден жүздеген келі балық тәркіленді

editor

Сайлауға неше партия қатысады?

ttjk

Астанада Қазақстан онкологтары мен радиологтарының IX Съезі өтеді

Назия Жоямергенқызы