Астанада көшелердің бір бөлігі жабылып, аспанға әскери авиация көтеріледі

Ресей президентінің мемлекеттік сапары және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске дайындық пен оларды өткізуге байланысты 25-29 мамыр аралығында Астана көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Таратылған хабарламаға сәйкес, іс-шаралар барысында арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы күштердің ресурстары, оның ішінде әскери авиация мен техника пайдаланылады. Сонымен қатар бұл күндері Астана аспанында Қорғаныс министрлігі майдан авиациясының ұшуы жоспарланған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны өткізу кезеңіндегі қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», — деп мәлімдеді МКҚ.

Бұған дейін, 27-29 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келетіні хабарланған болатын.

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Tengrinews.kz

Related posts

Қайраткердің қолсағаты қайырымдылыққа жұмсалады

editor

Қуыршақ театры Халықаралық қуыршақтар фестивалінде Гран-при жеңіп алды

editor

ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

editor