Жаңа медиа дәуіріндегі журналист пен блогердіңбәсекелестігі: Қазақстанда кім аудиторияны иеленеді?

Соңғы жылдары Қазақстандағы ақпараттық кеңістіктеайқын өзгеріс байқалады. Егер бұрын халық жаңалықтынегізінен теледидардан, газеттен немесе ресми ақпараттықсайттардан алса, бүгінде аудиторияның басым бөлігіәлеуметтік желілерге көшті. Telegram, Instagram, TikTok және YouTube сияқты платформалар ақпарат таратудыңнегізгі арналарына айналып отыр. Бұл өзгерісжурналистиканың жұмыс істеу тәсілін ғана емес, журналист пен блогер арасындағы бәсекелестікті де жаңа деңгейгешығарды.

Қазір бір оқиға туралы ақпаратты блогер әлеуметтік желігежариялағаннан кейін бірнеше минут ішінде мыңдаған адам көріп үлгереді. Ал кәсіби журналист сол ақпараттытексеріп, бірнеше дереккөзбен салыстырып, редакциялықсүзгіден өткізіп барып қана материал жариялайды. Соныңсалдарынан аудиторияның бір бөлігі жылдам ақпаратұсынатын блогерлерге ауыса бастады.

Бұл жағдай Қазақстанда да анық байқалады.

Журналист пен блогердің жұмыс істеу тәсілі бір-біріненайтарлықтай ерекшеленеді. Журналистің басты міндеті — нақты әрі сенімді ақпарат ұсыну. Ол фактілерді тексереді, мәселенің екі жағын да көрсетуге тырысады, кәсіби этика мен заң талаптарын сақтайды. Мұндай тәсіл қоғам үшінмаңызды болғанымен, уақытты талап етеді.

Ал блогерлер көбіне жылдамдыққа, аудиториямен жақынбайланысқа және эмоцияға сүйенеді. Олар ресми тілден гөріқарапайым, түсінікті форматты таңдайды. Сондықтанолардың контенті жеңіл қабылданады, тез таралады жәнекөп жағдайда аудиторияға жақынырақ көрінеді.

2024–2025 жылдары Қазақстанның 14 қаласындажурналистерге арналған жаңа медиа бойынша өткізілгенсеминарлар барысында осы мәселе бірнеше рет көтерілді. Көптеген журналистер бір пікірді жиі айтты: сапалыматериал дайындалады, бірақ аудитория оған жете бермейді. Ал әлеуметтік желідегі қарапайым немесе тіптітексерілмеген ақпарат бірнеше сағат ішінде кең таралыпкетеді.

Бұл қазіргі медианың жаңа шындығын көрсетеді.

Қазақстандағы қазіргі үрдістерге қарасақ, Telegram-дағыжеке жаңалық арналары кей жағдайда ірі ақпараттықпорталдардан жылдамырақ жұмыс істейді. Жастардыңбасым бөлігі жаңалықты әлеуметтік желілер арқылықабылдайды. Кейбір қоғамдық және саяси тақырыптардаблогерлердің аудиториясы дәстүрлі бұқаралық ақпаратқұралдарының көрсеткішінен бірнеше есе жоғары болуымүмкін.

Алайда блогерлік модельдің әлсіз тұстары да бар. Ең үлкенмәселе — жауапкершілік. Ақпаратты тез тарату барысындафактіні тексеруге жеткілікті көңіл бөлінбеуі мүмкін. Соныңсалдарынан жалған немесе толық емес ақпарат таралып, қоғамда түсініспеушілік тудырады. Кей жағдайда мұндайақпарат адамдардың беделіне, жеке өміріне немесеқоғамдық тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін.

Сондықтан бүгінгі таңда негізгі сұрақ «журналист жеңе ме, әлде блогер ме?» дегенде емес. Негізгі мәселе — осы екімодельдің күшті жақтарын қалай біріктіруге болатынында.

Болашақта бәсекеде гибридті маман алға шығады. Яғни, журналистік жауапкершілік пен кәсіби этиканы сақтайотырып, әлеуметтік желілердің мүмкіндігін тиімдіпайдалана алатын маман. Қазіргі журналист тек мәтінжазумен шектелмеуі керек. Ол қысқа видео түсіре алуы, аудиториямен тікелей байланыс орната білуі, платформалардың алгоритмін түсінуі және ақпараттыәртүрлі форматта ұсына алуы қажет.

Мысалы, көлемді зерттеу материалын бірнеше қысқа бейнеретінде бөліп жариялауға болады. Сұхбаттың қысқашанұсқасын әлеуметтік желілерде таратып, толық нұсқасынYouTube немесе сайтқа орналастыруға болады. Telegramарқылы жедел ақпарат беріп, кейін сол тақырыпқа тереңталдау ұсыну да тиімді тәсілдердің бірі.

Қазақстандық журналистиканың жаңа жағдайға бейімделуіүшін бірнеше маңызды қадам қажет. Ең алдымен, журналистерге әлеуметтік желілермен кәсіби жұмыс істеудіүйрету керек. Бұл тек теориямен шектелмеуі тиіс. Видео монтаж, визуалды storytelling, алгоритмдермен жұмыс істеу, аудиторияны талдау сияқты дағдылар журналистің кәсібиқұзыретінің бір бөлігіне айналуы керек.

Сонымен қатар жоғары оқу орындарында конвергенттіжурналистикаға көбірек көңіл бөлінуі қажет. Редакциялардың өз ішінде де үздіксіз оқыту жүйесінқалыптастыру маңызды. Журналистерге жаңа медиа құралдарын меңгеруге мүмкіндік беретін арнайы білім беру платформаларын дамыту да уақыт талабы.

Журналист пен блогердің бәсекелестігі — бұл қауіп емес, жаңа мүмкіндік. Егер кәсіби журналистер өздерінің бастыартықшылығы саналатын сенімділік пен сапаны сақтайотырып, әлеуметтік желілердің жылдамдығы мен тартымдылығын меңгере алса, олар аудиторияны қайтараалады.

Қазақстандық журналистиканың болашағы дәл осы бейімделу қабілетіне байланысты. Уақыт өзгерді. Енді солөзгеріске бірге ілескендер ғана аудитория сенімін сақтапқала алады.

Ерсұлтан Хожалепес

Related posts

Қаржы министрлігі мобильді аударымдар саласындағы қолайлы тәсілді қарап жатыр

editor

Самарканд: первый саммит «Центральная Азия – Европейский Союз»

Назия Жоямергенқызы

ӨСКЕМЕНДЕ ЖАҢА ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

Назия Жоямергенқызы