Қаржы министрлігі мобильді аударымдар саласындағы қолайлы тәсілді қарап жатыр

Елімізде мобильді аударымдар саласын реттеудің ең қолайлы тәсілі зерттеліп жатыр. Қаржы министрлігі жақын арада жаңа бастамамен шығуы мүмкін.

Қазір банктер  үш ай қатарынан әртүрлі тұлғалардан 100-ден астам аударым алса Қазақстан азаматтары туралы деректерді салық органдарына беруі міндетті. Сондай-ақ ақша түскен есепшот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін арналмаған болуы керек. Ендігі жерде Қаржы министрлігі  мен Ұлттық банк реттеу шарттарын жеңілдетуді жоспарлап отыр.

«Қазіргі критерийлерге шекті сома қосылады — мобильді аударымдар үш ай қатарынан 12 МЗП (1 020 000 теңге) асып кетуі тиіс», делінген хабарламада. Екінші деңгейлі банктерге үш ай ішінде 1,02 миллион теңгеден кем ақша алған Қазақстан азаматтары туралы салық органдарына деректер бермеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдай аударымдар саны 100-ден көп болса да қолданылады. Қаржы министрінің тиісті бұйрығы қазір Ұлттық банкте қаралып жатыр. Ал осыған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарға лимит енгізуді ұсынған болатын, оның шегі 3 минималды жалақы немесе 255 мың теңге деп белгіленген еді.

Нұрқасым Сымбат Алматы қаласының Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.

Related posts

Кездесуде Олаф Шольцтің өтінішімен Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды реттеуге байланысты пікірін жеткізді

editor

Президент БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады

Назия Жоямергенқызы

Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері

ttjk