Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

16 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT жүйесін іске қосу аясында жеңіл рельсті көліктің арнаулы диспетчерлік қызметі жасақталған.

Қаладағы қоғамдық көлікке мониторинг жүргізу және оның қызметін реттеумен 21 маман айналысады.

LRT жүйесінің әр құрамы 600-ден астам жолаушы тасымалдауға арналған. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын желі арқылы 15 құрам жүргізушісіз жүреді (4 құрам резервте).

Басқару, жылдамдықты арттыру және тежеу, есікті ашу үдерістері, сондай-ақ, төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер толығымен автоматтандырылған. Қосымша бақылау үшін қолмен басқару және диспетчермен байланысқа шығу мүмкіндігі қарастырылған.

LRT инфрақұрылымында 18 станция мен заманауи депо бар. Бағыт бойынша жолдың ұзақтығы — шамамен 40 минут. Құрамдар сағатына 50-60 шақырым орташа жылдамдықпен 5-6 минут сайын жүреді.

Мемлекет басшысы жеңіл рельсті көліктің пайдалануға берілуі Астана мен еліміз үшін ерекше маңызды оқиға екенін атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда келешекте Еуразияның көлік хабына айналуға тиіс екенін айтты.

Қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мақсатында LRT жобасының екінші кезегі іске асырыла бастады.

Атап айтқанда, «Астана-1» вокзалы, «Жағалау» шағынауданы, Қосшы қаласы бағыты бойынша жаңа желінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. 20 станциядан тұратын екінші кезеңнің жалпы ұзындығы 26,5 шақырым болмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын жүргізіп жатқан қытайлық компания өкілдері мен CTS Transportation, Astana LRT жұмысшыларына сәттілік тілеп, жобаны одан әрі жалғастыруды тапсырды.

 

Астана LRT-ның іске қосылуы

CTS компаниясы бұған дейін журналистерге жеңіл рельсті көлік жүй

есінің алғашқы жолаушылары осы аптада, яғни 16–17 мамырда пайдалана алатынын хабарлаған.

Жалпы Astana LRT желісінде 18 станция болады. Бағыттар қаланың негізгі орталықтары мен тұрғын аудандары арқылы өтеді. Кейбір станциялардың атауы пайда болған. Сондай-ақ, пойыздардың қозғалыс сызбасы да жарияланды.

Tengrinews.kz

Related posts

Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында этноауыл ашылды

Назия Жоямергенқызы

«JOLTAP» жобасы қала тұрғынына бір апта ішінде мамандығын өзгертуге қалай көмектесті

Назия Жоямергенқызы

Алтыншы ауданның әкімі кім?

editor