Мазмұнға өту

«Таза ел – саналы ұрпақ»: Астанада бүлдіршіндерге арнап танымдық-экологиялық іс-шара ұйымдастырылды

Астанадағы Қуыршақ театрында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза ел – саналы ұрпақ» атты балаларға арналған танымдық-экологиялық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Театр әртістері балаларға тазалықтың маңызы тек қоғамдық орындарда ғана емес, әрбір үйде де сақталуы керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге сұрақтар қойылып, олардың ой-өрісін дамытуға бағытталған тапсырмалар ұсынылды.


Ойын барысында балалар бірнеше командаға бөлініп, жылдамдық пен тапқырлықты талап ететін сайыс бойынша бақ сынасты. Әр топ театр әртістері дайындаған тапсырмаларды орындап, ұйымшылдықтарын көрсетті.


«Астана қалалық Қуыршақ театрында үш жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келемін. Бүгін біз кішкентай көрермендерімізбен бірге «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында арнайы ойындар ұйымдастырып отырмыз. Бұл ойындар арқылы балаларды елімізді таза ұстауға, табиғатты құрметтеуге баулуды көздейміз. Мәселен, балаларға жерде жатқан қоқысты арнайы жәшікке тастау, табиғатты күтіп-баптау, ағаштарды қалай дұрыс өсіру керектігі түсіндіріледі. Біз ойын арқылы олардың бойына осындай маңызды да пайдалы қасиеттерді сіңіруге тырысамыз», – деді театр әртісі Сая Бидарқызы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза ел – саналы ұрпақ» секілді бастамалар жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлықпен қарап, тазалықты өмір салтына айналдыруына ықпал етеді.


Deprecated: Файл Тақырыпсыз comments.php с версии 3.0.0 считается устаревшим. Альтернативы не предусмотрено. Өтініш, аcomments.php тақырыбыңыздағы үлгі. in /var/www/vhosts/ttjk.info/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6260

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.