Фельдшерге шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды

Астанада «Жедел медициналық жәрдем» бригадасының фельдшерін соққыңа жыққан ер адам тұтқындалды. Медициналық қызметкерге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Жедел жәрдем» бригадасы сауда орталығынан келген шақырту бойынша оқиға орнына барған. Сауда орталығында ішімдік ішіп, мас болған екі ер адам болған. Олардың бірі денсаулығына шағымданып, көмек сұраған. Осыған орай, медициналық қызметкерлер қажетті тексеру мен көмекті көрсеткеннен кейін оқиға орнынан кетуге оқталғанда мас еркектің бірі төбелес шығарып, фельдшерді соққыға жыққан.

Оқиға болған жердегі куәгерлер полицияға хабарласқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Полиция қызметкерлері маңызды әлеуметтік міндет атқарып жүрген жедел қызмет өкілдеріне қатысты агрессия, күш қолдану немесе қорқыту әрекеттер заң жүзінде жазаланатынын ескертті.

Елімізде медициналық қызметкерге, сондай-ақ қызметтік міндетін атқарып жүрген «Жедел жәрдем» көлігінің жүргізушісіне қатысты қорқыту немесе күш қолдану үшін жауапкершілік күшейтілді. 2026 жылдың 7 наурызында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы күшіне енді. Аталған бап бойынша айыппұлдан бастап, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Related posts

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС МАМАНДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ

Назия Жоямергенқызы

Есікте Жібек жолы археологиялық бірлескен зерттеу орталығының филиалы ашылды

editor

«ГАЛАТАСАРАЙ — АЛМАТЫДА

Назия Жоямергенқызы