БҰҰ-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОСПАРЫ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев пен БҰҰ Даму бағдарламасының (бұдан әрі – БҰҰДБ) Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастыққа Ниет туралы мәлімдемеге қол қойды.

Ынтымақтастық жоспарларын бекіту тараптардың Еңбек министрлігінде өткен кездесуі қорытындысы бойынша жүзеге асты.

Кездесу барысында Асқарбек Ертаев БҰҰДБ-мен өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді әрі нәтижелі екенін атап өтті.

«БҰҰДБ көптеген жылдар бойы министрлік үшін халықаралық сараптама мен тәжірибеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі стратегиялық әріптес болып келеді.

Ниет туралы құжат әлеуметтік қорғау жүйесін жасанды интеллектіні енгізуге басымдық бере отырып жаңғырту, еңбек нарығын трансформациялау, инклюзивті қоғамды дамыту, көші-қон үдерістері және басқа да бағыттар бойынша жұмыстың берік негізі болады», – деді Асқарбек Ертаев.

Ниет туралы мәлімдеме алдағы ынтымақтастықты қалыптастыруға арналған алдын ала жоспарды айқындайтын келісім болып табылады және әлеуметтік-еңбек саласының тиімді әрі орнықты жүйесін дамыту мәселелері бойынша әріптестікті тереңдетуге бағытталған.

Құжатқа қол қою Еңбек министрлігі мен БҰҰДБ-ның келесі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жасау ниеттерін растады: Қазақстан Республикасының 2026–2030 жылдарға арналған әлеуметтік саясатты дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және практикалық іске асыру; үй шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық осалдығы мен орнықтылығын бағалау әдістемесіне, ауыл шаруашылығындағы еңбек ресурстарын нормалау жүйесіне халықаралық сараптама жүргізу; халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде бизнес-процестерді, әкімшілендіруді және басқаруды оңтайландыру мақсатында жасанды интеллектіні енгізу; қызметтер көрсету мен мұқтаж отбасыларға атаулы көмекті автоматтандыру; инклюзивті қоғамды дамыту; әлеуметтік осал топтардың жағдайын жақсартуға және құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған көші-қон және өзге де мәселелер.

Related posts

Самый главный праздник тюркского мира НАЧАЛСЯ ФЕСТИВАЛЬ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА ДЕДЕ КОРКУТ

ttjk

ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

ttjk

Шарлапаев федерация президенті болып сайланды

editor