Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Air Astana компаниясынан 1 миллиард теңгеден астам қаражат жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру ісі бойынша шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы 9 жылға, ал оның екі сыбайласы 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Сотталғандардың мүлкі тәркіленіп, бостандыққа шыққаннан кейін бес жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқаруына тыйым салынды.
Сот жәбірленуші тараптың 1 миллиард теңгеден астам қаражатты өндіріп алу туралы азаматтық талабын да қанағаттандырды. Тәркіленген мүлік келтірілген шығынды өтеуге жұмсалады.
«Апелляциялық инстанция қорғаушы тараптың уәждерін қарап, үкімді өзгеріссіз, ал шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды», – деп мәлімдеді Бас көлік прокуратурасы.
Tengrinews.kz
