2026 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласында елеулі жаңалықтар күтілуде. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл еліміздің негізгі әуе тораптарында бірқатар ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Астана мен Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолағының құрылысы басталмақ. Алматы әуежайының ішкі бағыттарға арналған терминалы жаңартылып, Ақтау әуежайының перроны күрделі жөндеуден өтеді.
Сонымен қатар, өңірлерде де ірі жобалар қолға алынуда. Олардың қатарында:
-
Атырау әуежайының жаңа терминалын салу;
-
Павлодар әуежайын жаңғырту;
-
Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі туристік аймақтарындағы әуежайлардың құрылысын аяқтау;
-
Арқалық әуежайын қайта қалпына келтіру бар.
Инфрақұрылымды жаңарту аясында әуежайларда JetA-1 авиаотын сақтау және жанармай құю жүйелерізаманауи үлгіге көшіріледі. Бұл әуе компанияларына көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, отынмен қамту тұрақтылығын күшейтеді.
Сондай-ақ, 2026 жылдың соңына дейін әуе тасымалдаушылар 9 жаңа ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде елдің әуе паркі шамамен 118 әуе кемесіне жетіп, жолаушылар тасымалының мүмкіндігі едәуір кеңейеді.
Өңірлер арасындағы қатынасты жақсарту және туризмді дамыту мақсатында әлеуметтік маңызы бар 23 бағытбойынша субсидиялау бағдарламасы жалғасын табады.
Халықаралық әуе байланысын кеңейту де басты назарда. Жаңа бағыттарды ашу, бұрын тоқтатылған рейстерді қайта жандандыру және қолданыстағы рейстердің жиілігін арттыру көзделіп отыр. Бағыттар желісі Орталық Азия, ТМД елдері, сондай-ақ Таяу Шығыс, Еуропа және Азия мемлекеттеріне қарай ұлғаймақ.
Жоспарланған жаңа халықаралық рейстер қатарында:
Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Эр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Үрімші, Қашғар, Варшава және басқа да қалалар бар.
Фото: ЖИ
