АЛМАТЫДАҒЫ ТУРИЗМ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРТЫЛАДЫ

Қазақстан ішкі туризмді отандық экономиканың локомативіне айналдыруға мүдделі. Әсіресе, Алматысияқты ірі мегаполисте ішкі туризмді дамытуға орасан зор мүмкіндік бар. Осы орайда, 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында туризм саласына тартылған инвестиция 113,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл былтырмен салыстырғанда 47 есеге көп. Тартылған қаражаттың арқасында Алматыдағы туристік инфрақұрылым кеңейе түсті. Қазіргі таңда  қалада 12 552 нөмір, 377 орналастыру нысаны және 22 768 орын бар. Жыл басынан бері 11 қонақ үй, глэмпинг, капсулалы қонақ үй, 18 хостел және 3 демалыс базасы, жалпы 34 жаңа нысан ашылды. Қазір тағы 93 нысанның құрылысы және жобалануы жүріп жатыр.

Алматыға туристерді көптеп тарту мақсатында үшжылдық жоспарға сәйкес, қала бюджетінен 2025-2027 жылдарға 697,4 млн. теңге бөлуге шешім қалбылданды. Жоспар бойынша навигациялық объектілері бар 10 тау маршруттарын құру, бару қиын жерлерде күн панельдері бар 3 кемпинг-аймақтарды жайластыру, «Алма-Арасан» термалды көзін реконструкциялау, туристік объектілердің тактильді үлгілерін дайындау, ақпараттық орталықтарға, тотемдер мен терминалдарға қызмет көрсету көзделген.

Бұған дейін Алматы қаласының туризм басқармасы 10 тау бағытын абаттандыру жұмыстарын аяқтады: «Тұйық су» альпі лагеріне ескі жол, Юннат көлі-Бутаковка-Орман асуы, Юннат соқпақтары, «Ақ-қайың» шипажайы-Кіші Алматы шатқалы, Үлкен Алматы көлі-Погребецкий шыңы,  МАУ, Тұйық саАльпі лагері – «Тұйық су» мұздығы, Бутаковка-бұлақ (Бутаков шатқалында 2 км соқпақ абаттандырылды, өзен арқылы өткел салынды, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған орындықтар орнатылды, Медеудегі демалыс жолы, Медеудегі Қара күнгей жотасы т.б. Сонымен қатар тау соқпақтарының бойында 367 ақпараттық белгі, 15 үлкен орындық, 66 орындық, 6 демалыс платформасы, 4 көпір орнатылған. Бұлардың бәрі ауа-райының қолайсыздығына төзімді жоғары балқитын болаттан жәнеберік материалдардан жасалған. Өкінішке қарай, халықтың игілігіне арналған демалыс орындарына зиян келтретіндер бар. Алматы әкімдігі вандализмге қарсы конструкциялар қолданған. Бұл инфрақұрылымның беріктігі мен сенімділігінің кепілі болады.

Қаладағы инфрақұрылымдар туралы айтқанда, қауіпсіздікке көңіл бөлінген. Мысалы, өзендер арқылы сенімді өткелдер салынып, жолдар адамдардың жас және физикалық мүмкіндіктеріне қарай бейімделген. Таулы аймақты абаттандыру мен инфрақұрылымды жақсартуға «Малыш» шыңына орнатылған орындық туристерді тартуға мұрындық болды. Әлбетте, алматылықтар мен қала қонақтары таудағы демалысты жоспарламас бұрын қауіпсіздік шараларын сақтауға, ауа райы жағдайларын ескеруге, таулы серуендеуге мұқият дайындалуға, сондай-ақ табиғи ортада экологиялық мәдениетті сақтауға мүдделі болуы тиіс.

Нұрсая Жоямерген, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

editor

Турция выбрана «Любимым направлением» для гламурных свадеб

ttjk