Қазақ өнерінің алыбы Асанәлі Әшімов дүниеден өтті

Қазақтың біртуар сахна саңлағы Асанәлі Әшімов 89 жасқа аяқ басар шағында дүниеден өтті.

Бұл қаралы хабарды журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

«Театр мен кино өнерінің алып тұлғасы, барша қазаққа қадірлі ақсақал Асанәлі Әшімов бақилық болды. Жаны жәннатта болсын!» – деп жазды ол Facebook-та.

Асанәлі Әшімұлы Әшімов 1937 жылғы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген. Ол – кеңес дәуірі мен тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі әйгілі театр және кино актері, режиссер, ұстаз, профессор.
1976 жылы Қазақ КСР-інің халық әртісі, 1980 жылы КСРО халық әртісі атағына ие болды. Сондай-ақ Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының (1973) және КСРО мемлекеттік сыйлығының (1974) лауреаты. Қазақстан театрлар қауымдастығын басқарған, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарған.

Фото: Қазақфильм

Related posts

The image of Khan Sultan has been presented to the world

editor

Мүгедектікті белгілеу бойынша 8,5 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

Назия Жоямергенқызы

Таза қала-ортақ іс: алматылықтар Терренкурды тазалауға шықты

Назия Жоямергенқызы