«Ысырапқа жол жоқ»: Тоқаев ресурстарды тиімді пайдалануға үндеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Ақордада өткен ресми қабылдауда сөйлеген сөзінде Президент табиғи және энергетикалық ресурстарды ұқыпты әрі тиімді қолдану қажеттігін атап өтті.

Президенттің айтуынша, бұл мәселеде қарапайым азаматтардың да жауапкершілігі ерекше маңызды.

«Электр энергиясы, жылу мен су – күнделікті өмірге аса қажет құндылықтар. Оларды үнемдеп, орынды пайдалану қажет. Бұл талап тек тұрмыстық деңгейде ғана емес, жалпы ұлттық экономика үшін де маңызды. Ысырапшылдыққа мүлде жол бермеуіміз керек.

Халқымызда “Үнем – берекенің бастауы” деген нақыл бар. Осы ұстанымды ұлттық мінезімізге айналдырып, қоғамда жаңа тұтыну мәдениетін қалыптастыруымыз қажет.

Сіздердің табанды еңбектеріңіз – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін берік негіз. Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанда сіздер секілді еңбек адамдары әрдайым жоғары құрметке лайық», – деді Мемлекет басшысы.

Related posts

Қызылордада Жолдауды іске асыруға қатысты маңызды шешімдер қабылданды

Қазақстан орыс тілін қолдауға 43 млн теңге бөледі

editor

The image of Khan Sultan has been presented to the world

editor