«Грэмми» жүлдесінің иегері Иманбек Зейкеновке «Құрмет» ордені табыс етілді

Қазақстан тарихында алғаш рет «Грэмми» сыйлығын алған музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен наградталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Республика күніне орай мемлекет басшысының қаулысымен елдің қоғамдық және экономикалық салаларына айтарлықтай үлес қосқан бір топ азамат марапатталған болатын.

Аида Балаеваның айтуынша, кейбір марапатқа ие болған тұлғалар салтанатты рәсім кезінде елімізден тыс жерде жүргендіктен, өз наградаларын дер кезінде ала алмаған.

«Бүгін осы құрметті марапаттарды азаматтарымызға тапсыру мен үшін ерекше қуаныш болды.

«Құрмет» ордені Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съезд бастамаларын жүзеге асыру департаментінің бұрынғы жетекшісі Қарлығаш Қалилахановаға және елімізден алғаш болып «Грэмми» алған музыкант Иманбек Зейкеновке берілді», – деп жазды Аида Балаева Facebook парағында.

Сонымен қатар, актер Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды.

«Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің өркендеуіне қосқан қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін», – деді министр.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Related posts

Тұрғындарға тиесілі тегін дәрі-дәрмек берілмеген

editor

Президент мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Жалға алушылар жауаптан жалтарып жүр

editor