Рухы биік, сөзі от, жүрегі елі үшін соққан тұлға.
Бүгінгі қазақ қоғамына жетіспей тұрған басты құндылық — рух.
Біз көп жетістікке жеттік, бірақ рухани тұрғыда әлсіреп барамыз. Шахановтай шындықты тайсалмай айтып, ел үшін күйіп-жанатын тұлғалар азайды.
Шахановтың кей сөздері қатал көрінгенімен, уақыт өте келе бәріміз түсіндік: ол — елін ұйқысынан оятуды көздеді.
Мен, Берік Ағыбаев, Мұхтар Шаханов ағамыздың жанында 18 жылдан бері жүрген шәкіртімін.
Ол кісіден елге адал қызмет етудің, арды сатпай, шындық пен әділдік жолында күресудің мәнін үйрендім.
Шаханов мектебі — менің рухани ұстаханам.
Бүгін қуанышты жаңалығыммен бөліскім келеді: “Мұхтар Шаханов атындағы қор” Қоғамдық Қоры ресми түрде тіркелді!
Мені осы қордың төрағасы етіп сайлады.
Бұл — зор сенім әрі үлкен жауапкершілік. Сенім білдірген баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын!
Бұл қор — жай ғана ұйым емес,
ол әділдік пен ар-ожданның, рух пен намыстың, шындық пен ұлтқа адалдықтың ұясы болмақ.
Басты мақсатымыз — Мұхтар ағамыздың күрескер рухын өшірмей, келер ұрпаққа жеткізу; елін сүйетін, намысы биік, әділдік пен шындық үшін күресетін жаңа буынды тәрбиелеу.
Қазір қоғамда мейірім, әділдік, ұят, намыс, рух сияқты ұғымдар екінші қатарға ысырылып барады. Шаханов мектебі осы құндылықтарды қайта жаңғыртудың бастауы болады деп сенемін.
Бұл жол — ортақ жол.
Бірігіп, ел рухын бірге көтерейік!
Шаханов рухы қазақ рухы. Ол мәңгі жасасын!
Қадірлі Мұхтар аға, Сіздің сөзіңіз — ұлттың айнасы, рухтың үні.
Біз — сол үнді жалғастыратын ұрпақпыз.
Сізге ұзақ ғұмыр тілейміз!
Қазақ рухы мәңгі биік болсын!
