Астанада өндірістік нысанда болған өрт ауыздықталды

 

 

Бүгін таңертең Астананың оң жағалауында орналасқан өндірістік цехта ірі өрт шықты. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілдері.

Министрлік мәліметінше, өрт Байқоңыр ауданының Ақсай көшесінде орналасқан шаруашылық ғимаратында болған. От шамамен 500 шаршы метр аумақты қамтыған. Қызыл жалынды сөндіру кезінде төтенше жағдай қызметі жоғары дайындық деңгейінде әрекет еткен.

«Өрт сөндірудің жедел штабы құрылып, төрт жауынгерлік бөлімше жұмылдырылды. Су үздіксіз беріліп отырды», – делінген министрліктің хабарламасында.
Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында сағат 08:58-де өрттің таралу қаупі толықтай жойылып, жалын оқшауланды. Алдын ала деректер бойынша, газ блоктарын өндіретін цехтың шатыры жанған.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен залал көлемі анықталуда.

Related posts

Измир Lonely Planet нұсқасы бойынша 2024 жылдың ең үздік қонақүйлерінің тізіміне қосылды

Назия Жоямергенқызы

СТАМБҰЛДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН РАМИ КІТАПХАНАСЫ

Назия Жоямергенқызы

2023 жылы қоныс аудару жобасына 200-ден астам отбасы қатысты

ttjk