Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік өтті

 

Облыс көлемінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпыөңірлік экологиялық акция өз жалғасын табуда. Семей қаласында кезекті рет жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Экологиялық бастамаға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары белсенді қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өңір аумағын абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру және азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру.

Осындай бастама өңір тұрғындарының экологиялық санасын арттырып, табиғатты қорғауға деген көзқарасты өзгертуге септігін тигізеді.

Сенбілік барысында саябақтар, аулалар, көшелер қоқыстан тазартылды. Нәтижесінде қоқыстар ҚТҚ полигонына шығарылды.

Related posts

Электрсамокат үшін 130 ата-ана жазаланды

editor

İstanbul is Among “The 50 Best Places to Travel in 2024”

Назия Жоямергенқызы

Германия канцлері «Ақордаға» келді

editor