Матчқа орай Алматыда 16:00-ден бастап бірқатар көшелерде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі

Бүгін, 30 қыркүйекте «Қайрат» пен «Реал Мадрид» футбол клубтарының кездесуі өтеді. Осыған байланысты полиция қаладағы кейбір көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлады.

Құзырлы органның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына байланысты Алматы полициясы күшейтілген қызмет режиміне өтті.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар қолға алынған.
«Азаматтарға түсіністік танытып, қолдау білдіргендері үшін алғыс айтамыз. Бұл – қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға және шараның тыныш әрі ыңғайлы өтуіне бағытталған уақытша әрекеттер», – делінген ресми хабарламада.

Жол қозғалысының қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөлінген. Орталық стадион аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі ықтимал.

Осыған байланысты қалалық полиция департаменті тұрғындар мен мегаполис қонақтарын қозғалыс шектелетін көшелердің сызбасымен алдын ала танысып, бағыттарын ертерек жоспарлауға және енгізілген өзгерістерді ескеруге шақырады.

Айта кетсек, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуі Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матч жергілікті уақытпен 21:45-те басталады.

Сурет Nur.kz

Related posts

Қоғамдық сананы экологизациялауға журналистиканың ықпалы зор

Назия Жоямергенқызы

АҚШ елшісі отставкаға кетпек

editor

BABASI VE KÜÇÜK KIZ SALDIRIDA VEFAT ETTİ

ttjk