Президент БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Анхель Моратиносты Біріккен Ұлттар Ұйымының ислам фобиясымен күрес жөніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалуымен құттықтады.
Мемлекет басшысы еліміз өркениеттер, мәдениеттер және діндер арасындағы өзара түсіністік пен құрметті ілгерілетудің негізгі алаңы саналатын БҰҰ Өркениеттер альянсымен ынтымақтастыққа баса мән беретінін жеткізді.Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізуге тұрақты қолдау білдіріп келе жатқан, сондай-ақ форум аясында Қазақстан тарапымен бірлесіп діни нысандарды қорғау мәселелесі бойынша арнайы сессия ұйымдастырған Альянстың қызметін жоғары бағалады.

 

БҰҰ Бас хатшысының жоғары өкілі Қазақстанда жүзеге асырылған реформалардың маңызын атап өтіп, Съезд қорытындысы бейбітшілікті, келісім мен дінаралық диалогты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Анхель Моратиносты дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын иеленуімен құттықтады.

Related posts

Алматыда ауа райы: бүгін және алдағы күндерге болжам

Назия Жоямергенқызы

«Қарызсыз қоғам»: түйткілдер түйіні тарқайды

editor

Halyk Bank  «Бөпе» науқанын іске қосты. Балаңыз үшін қажет әрі пайдалы сыйлықтарды ұтып алу үшін не істеу керек?

ttjk