ӘР ЕЛДІ ӘЙГІЛІ ЕТКЕН САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

Бейбіт елде тіршілік етіп жатқан жанның  салық төлеуден қашпасы анық. Бірақ кейде мемлекет орынсыз салықтарды көбейтіп отыратын жәйттар болып жатады. Мұндай жағдайлар халық тарапынан қолдау таппай, халықтың бас көтеруіне әкеліп отырған.

Франция

Франция жеріндегі байлық бойынша төленетін салық. (Франция) Конституциялық кеңесінің ұйғарымы бойынша , табыс көлемі 1 милион еуродан астам кірістер болып жатса, «люкс салығын» енгізуді мақұлдады. Бұл жағдай көптеген бай адамдардың дереу азаматтығын өзгертуге әкелді. Мәселен, атақты актер Джерар Депарде Ресей азаматы болу арзанырақ деп, сол елдің азаматтығына көшкен еді.

Норвегия
Тарихтағы ең сорақы салық  түрі  Ранджтит Сингхтың (1780-1839) Пәкістанды жаулап алуы кезеңінде болды. Салық  төлеу үшін жылына шабылған 1000 адамның басын өткізу керек екен.

Ресей

Бір жылдары Ресейде де су салығы енгізіле жаздапты. Бір депутат кеңсе қызметкерлерінің ішкен суына құн сұрапты. Бірақ құдай сақтап, бұл ұсы­ныс халықтан да, биліктен де қолдау таппай, күшіне енбеген. Солайша де­путат өкініп, кеңсе қызметкерлері бір қуанып қалған екен. Иә, «судың да сұ­рауы бар» деген осы емес пе?! 1 Петр кезінде қызықты салық түрлері басым болды. Соның бірі сақал өсіру еркіндігі болмаған,ол үшінде салық төленетін болған. Оның себебі, сақал өсіру Еуропаға  жақын болудан алшақтатады деген ой туғызған. Шаруа адамдарына  ауылды жерлерде ғана сақалмен жүруге рұқсат етілген.

Ұлыбритания

1783 жылы Ұлыбритания министрі ел қазынасын толтыру мақсатында ер-азаматтар киетін қалпақтарға салық енгізеді. Бас киімнің осы түрін сатушылар ел астанасында жылына 2 фунттан төлеуге міндеттелген еді. Салығы төленген қалпақтарға арнайы белгілер салған. 1811 жылы бұл заңның  заңдық күші жойылады. Тағы сол Британдықтар  өмір сүріп жатқаны үшінде салық төлейтін  болған. Әрине бұл заңда өміршең боламады. Қара халық наразылық танытып,билік басындағыларға қарсы бас көтерген.

Гвинея

Гвинея тұрғындары бейбіт өмір сүріп жатқандары үшін салық төлеуге  мәжбүр. Гвинеялықтар жылына 17 еуро төлеп тыныш ұйықтай алады. Бұл заңға сәйкес Гвинея ешбір соғысқа қатыспауы тиіс.

Византия

Бұл елде тіпті жұтылатын ауаға да салық төленетін. Салық түрін сәнді әрі көпқабатты үйді иеленетін бай  адамдар төледі. Себебі бұл ауаның қысымына әсер етеді деген пікірде болған. Иә, осындайда қызықтар бар. Ал егер адам бұл салықты төлеуден бас тартатын болса ,сонда билік олардың демалуын тыйым салатын ба еді?!

Қытай

Ал, бұл елде заңсыз некеге тұрған жағдайда келіншектер мен ер адамдар салық төлеуге міндеттелген еді. Яғни, азаматтық некеде тұратын жандар мемлекетке жылына 120 доллар көлемінде салық төлеп отырған. Тағы да осы елде тамақ ішуге арналған таяқшалар салығы. Оның  себебі, бамбуктың көптеп кесілуіне жол бермеуге мақсат етіледі екен.

Австралия

Австралия еліне демалуға бара қалсаңыз, шаңғы салығы бар екендігін ұмытпағаның абзал. Бұл ақы қала арасында «гипс салығы» атанып кеткен. Оларды түсіну қиын емес ,себебі шаңғы теуіп жүріп жарақат алатындар жергілікті медициналық емханалардың көмегіне жиі жүгінетін көрінеді. Ал, осы салықтың арқасында демалушының денсаулығына кім төлейді деген сауал өздігінен шешімін тауып отыр.

Мысыр

Бұл елде би салығы болды. Ол кез келген  адам билегені үшін төленбеді, тек шығыс биін билейтін қыздардан ғана талап етілді. Қыздар мемлекет қазынасына 264 миллион доллар көлемінде қаражат түсіреді екен.

Байқап қарап отырсаңыз, бірі өз қамын ойлау мақсатында болса, бірі ел қамын ойлау мақсатында салықтың түрін енгізіп отырған. «Естімеген елде көп» демекші, салықтың түрлерін көріп таңдайымызды қақтырды.

Жазира Самидинова

Related posts

ҚАЗАҚСТАН-БАЛЫКЕСИР МЕДИА БІРЛІГІ ҚҰРЫЛАДЫ

ttjk

Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады

Назия Жоямергенқызы

Социальные инвестиции компании «Шеврон» в Казахстане нацелены на поддержку инновационных проектов