Қазақстан түрік-қытай тарапымен бірлесіп бірегей әскери техника шығарды

Astana MPR Project директоры Вадим Шакшакбаев бұл машина өндірісі Құрлық әскерлері қолбасшылығының тапсырмасынан басталғанын айтады.
“Ол бізге бір мезгілде 8х8 доңғалақ формуласы бар, табиғи су кедергілерінен өтіп, ауыр қару-жарақпен жабдықталған жауынгерлік модулі бар машина жасауға техникалық талаптар берілді. Сонымен қатар, машина басқарылатын танкке қарсы зымырандарды ату мүмкіндігіне ие болуы керек еді. Біз серіктестерімізбен бірге машинаны жетілдіріп, барлық қажетті сынақтардан өткіздік, “- деді.

Бұл машиналар – арнайы конструкторлық бюро тарапынан әзірленген, құрлық әскерлеріне арналған нағыз жауынгерлік техника. Халықаралық стандарттарға сай келетін Еуропа агенттіктері аккредиттеген сынақ орталығы тарапынан сертификатталған.
TAIMAS 8×8 — бұл НАТО стандарттарына сәйкес әзірленген модульдік платформа, ол амфибиялық мүмкіндіктерімен және қуатты қару-жарақ кешенімен ерекшеленеді. Осындай сипаттамаларының арқасында ол әлемдік нарықта кең қолданысқа ие әрі ең жан-жақты броньды техникалардың қатарына кіреді.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті Аскапова Сезім.

Related posts

Ойын басталуына әлі бірнеше сағат қалса да, Алматы тұрғындары мен қалаға келген қонақтар Орталық стадионның айналасына жиналып үлгерді

Назия Жоямергенқызы

“Өзгеріссіз күйде“: Тоқаев Қонаевтың дамуындағы мәселелерді атады

Назия Жоямергенқызы

«STEAM TULPAR» – БІЛІМНІҢ ТҰЛПАРЫ

Назия Жоямергенқызы