СЕМЕЙЛІКТЕР БІРЛІК КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Семейде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік шара өтті.

1 мамырҚазақстан халқының бірлігі күні Абай облысында кең көлемде аталып өтіп жатыр. Бүгін Семейдегі Бейбітшілік аралында этномәдени бірлестік өкілдері мен өнер ұжымдарының қатысуымен ауқымды мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шара барысында түрлі ұлттың әндері мен билері шырқалып, театрландырылған көріністермен ұлттық киімдер шеруі болды. Облыс әкімі Берік Уәли қала тұрғындарымен бірге қолөнер бұйымдары мен этностар мәдениеті көрмесін, концерттік бағдарламаны және спорттық ойындарды тамашалады.

Аймақ басшысы өңір тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, береке мен бірліктің, тұрақтылық пен татулықтың маңызын атап өтті.

«Бірлік пен татулықөткеннен жеткен аманат, асыл мұра. «Бірлік бар жердетірлік бар» деген дана халқымыздың сөзі елдігіміздің темірқазы ғыболып келеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясында сөйлеген сөзінде: «Бейбітшілік пен тұрақтылықтағдырдың бізге бере салған сыйы емес. Бұлбір ел, бірхалық болып атқарып жатқан қажырлы еңбектің жемісі» деген болатын. Хакім Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген ізгі ұстанымын бойтұмар қылған абайлықтар бірқолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату өмір сүріп келеді. Баршаңызды ұлыс пен ұлтты ұйыстырған, тілек пен тілекті тоғыстырған маңызды мерекеҚазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын» деді облыс әкімі.

 

Аймақ басшысы өз сөзінде биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын лайықты деңгейде атап өту міндеті тұрғанын айтты. Мемлекет басшысының қолдауымен барлықөңірлер қатысатын «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында Маңғыстау облысы Семей қаласына Достық үйін салып беретінін жеткізді.

Бүгінде облысымызда 5 Достық үйі мен 46 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Жыл басынан бері жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында 400-ге жуық іс-шара өткізілді.  

Related posts

ПРЕДАТЕЛЬСКАЯ ПОПЫТКА ПЕРЕВОРОТА: 15 ИЮЛЯ 2016 Г.

Назия Жоямергенқызы

Знаменитая Девичья башня Стамбула снова открывается

ttjk

Үкіметте Украинаға жағдайға байланысты шұғыл жиын өтті

editor